Орталық пен өңірлерге қатысты бюджеттік өзгерістер 2020 жылға көзделген

5773

Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдісіне түзетулер енгізу және ШОБ-тан КТС-ны жергілікті бюджетке беру бойынша тәсілдерді дайындау – күн тәртібінде қаралып жатыр.

Орталық пен өңірлерге қатысты бюджеттік өзгерістер 2020 жылға көзделген

Үкімет пен елдің өңірлері арасындағы бюджетаралық қатынастар 2020 жылдан бастап түзетілетін болады. Қазірдің өзінде ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ) мен жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) осыған қатысты тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлады ҰЭМ abctv.kz-ке. Жалпы үдеріс 2019 жылдан кешікпей аяқталуға тиіс.

"2019 жыл 2017-2019 жылдарға арналған бекітілген жалпы сипаттағы трансферттердің әрекет етуінің соңғы жылы, осыған байланысты келесі жылы жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу үшін  2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдісі жетілдірілетін болады. Тап қазіргі уақытта ЖАО-ның ұсынысы қаралып жатыр", – деп жазылған abctv.kz.-тің сауалына берілген жауапта.

Шешімі орталықтың өңірлермен өзара қатынасының жаңартылған ережесінде көрсетілетін басты мәселелердің бірі – корпоративтік  табыс салығын (КТС) шағын және орта бизнестен (ШОБ) жергілікті бюджетке беру. Ұлттық экономика министрлігі қазір "тәсілдер дайындалып" жатқанын атап кетті, өйткені жергілікті биліктің қолданыстағы қазыналық базасы бизнесті қолдауды ынталандырмайды.

"Тап қазіргі уақытта жергілікті бюджетке жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына арналған салық, төлемдер, алымдар, тіркеу алымдары, лицензиялық алымдар, мемлекеттік баж салығы сияқты салықтық түсімдер қарайды. Бұл салықтық түсімдер тұрақты сипатқа ие және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді емес. Жергілікті бюджетке түсетін жоғарыда аталған салықтар тұрақты сипатқа ие, оларға экономикалық циклдер әсер етпейді, сонымен қатар олар жиналудың жоғары дәрежесіне ие. Дегенмен жоғарыда аталған түсімдер жергілікті атқарушы органдарды өңірлік экономиканы дамытуға жеткілікті ынталандырмай отыр", – деп атап кетті ведомстводағылар.

Қазір үкімет ҰЭМ атынан өңірлік биліктермен  бірлесіп тиісті есептеулер жүргізіп жатыр және ШОБ-тан КТС-ны жергілікті бюджетке берудің әртүрлі жолдарын қарастыруда.

"ШОБ-тан түсетін КТС-ны жергілікті бюджетке беру жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі экономикалық белсенділікті арттыруды ынталандыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға және жергілікті бюджеттің кірістерін арттыруға мүмкіндік береді", – деп бюджетаралық қатынас реформасының мақсатына мән берілді.

Бұған дейін abctv.kz талқыланып жатқан мәселе өңірлердің орталықпен арадағы бюджеттік қатынасы сипатына қатты әсер ете қоймайды деп жазған болатын. Берілетін қазыналық база көлемі 600 млрд теңгеге жуық болуы мүмкін, оның 70%-ын жұмыс жасап отырған донар-өңірлер алатыны анық.

Өңірлер бойынша КТС-ның түсу құрылымы, сондай-ақ ірі салық төлеушілердің аударымдарының үлесі, 2017ж. 

Дереккөз: мемлекеттік кірістер комитеті, 2018 ж

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу