Теміржол тасымалының бизнес-процестерін трансформациялау – заман талабы

6121

Болашақта тариф белгілеу мен тасымал шығынын субсидиялаудың ережесі бекітіледі.

Теміржол тасымалының бизнес-процестерін трансформациялау – заман талабы

Теміржол тасымалдарының дамуы "Атамекен" ҰКП төралқасы логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы Сауат Мыңбаевтың қатысуымен өткен теміржол көлігі жөніндегі қосалқы комитеттің кеңейтілген отырысында талқыланды

Жиын барысында тасымалдау процесі қатысушыларының өзара әрекеттесуі, теміржол тасымалы және тариф белгілеу нарығында бәсекелік құру мәселелері көтерілді, сонымен қатар қосалқы комитеттің 2018 жылы атқарған жұмысының есебі тыңдалды.

"Қосалқы комитет көлік-логистикалық бизнесті жүргізуді жақсарту бойынша үлкен жұмыс атқарды. Түйткілді мәселелерді шешу мақсатында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанындағы теміржол қызметтері нарығындағы жаңа субъектілердің өзара әрекеттесуінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыс тобы шеңберінде шешу сонымен қатар "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшылығымен кездесу өткізу жоспарланып отыр", – деді қосалқы комитеттің басшысы Илья Сегал.

Атап айтқанда, бизнес өкілдері ұлттық теміржол тасымалдаушысымен алдағы әрекеттестік бойынша ұсыныс айтып, қосалқы комитеттің 2019 жылға арналған "Жол картасын" қарады.

"Биыл "ҚТЖ – Жүк тасымалдары" АҚ ҚТЖ компаниялар тобының еншілес ұйымдары ұсынатын басқа қызметтер үшін экспедитор-жүк жөнелтушілердің бірыңғай жеке шоттарынан қаражаттың ақысын төлеу мүмкіндігімен жүк тасымалдау бойынша келісімшарт жасасуды ұсынды. Бұл келісімшарттың шеңберінен тыс. Бизнес-қоғамдастық өкілдері мұндай ұсыныстар заңға қайшы деп есептейді", – деді "ТрансКом" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Лариса Смирнова.

"Теңізшевройл" ЖШС төрайымы Диляра Досма

"Теңізшевройл" ЖШС төрайымы Диляра Досмакова қазіргі таңда бизнес "ҚТЖ-жүк тасымалдары" АҚ-пен ақпараттық әрекеттестік бойынша кедергіге тап болғанын жеткізді, атап айтқанда экспедитор-жүк жөнелтушілердің шоттарынан қаражатты шешу бойынша мәселе бар.

"Теміржол тасымалдаушы бір тасымал үшін бірнеше рет қаражат алғаны бойынша оқиғалар бар, шағым түскеннен соң ғана қаражат қайтарылған. Мұндай жайттар клиентке қаржылық ауыртпалық жасап, жүктің тасымалдауына кедергі жасайды", – деді Диляра Досмакова.

Өз кезегінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ дамыту жөніндегі басқарушы директоры Мейрамкүл Дүзбаева "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың даму стратегиясы, цифрландыру арқылы тасымалдау үдерісінің бизнес-процестерін трансформациялау, инфрақұрылымнан басқа ҚТЖ компаниялар тобының бейінді емес активтерін жүзеге асыру, жолаушылар тасымалы сервисін жақсарту, локомотивтік көліктерге қызмет көрсету тарифтерін белгілеу, жеке тасымалдаушылардың нарыққа шығуына қатысты орта мерзімді перспективада шешілуі тиіс мәселелерге тоқталды.

"Тасымалдау процесі мәселелерін шешуге зерттеу жүргізу арқылы келуді ұсынамын. Аталған бағытта көлік және коммуникациялардың ғылыми-зерттеу институтында тасымалдау үдерісін жетілдіруге қатысты ұсынысы бар, ҚТЖ-ға осы мәселе бойынша ынтымақтастықты жақсарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз", – деді  көлік және коммуникациялар ғылыми-зерттеу институты ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы Эдуард Каплан.

Сонымен қатар теміржол саласын жақсарту бойынша жұмыс туралы ақпаратпен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев бөлісті.

"Министрлік бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының жаңа заңының тұжырымдамасын әзірледі. Аталған заң жобасы теміржол операторының жаңа бизнес-моделін ескере отырып, тасымалдау үдерісіне қатысушылардың қатынастарын реттеуге бағытталған. Сондай-ақ "Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатыр. Оның шеңберінде көліктік инфрақұрылымды жақсарту және халықаралық тасымалдауды ұлғайту жөніндегі шаралар жоспарланып отыр. Өз кезегінде министрлік көліктік-логистикалық бизнесті жақсартуға байланысты барлық ұсыныстарды қарауға дайын", – деп атап өтті Берік Камалиев.

"Атамекен" ҰКП төралқасы логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы Сауат Мыңбаевтың айтуынша, ҚТЖ-Жүк тасымалдары "Экспедитор функционалы" саласында келісімді және коммерциялық жұмысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіреді.

"Клиенттердің шоттарынан екі реттен қаражат алуға келер болсақ, бұл мәселе жуыр  арада шешіледі. Жеке тасымалдаушылардың тариф белгілеу, жолаушы тасымалдары шығындарын субсидиялау, жүк түрлері бойынша кроссубсидиялау саласындағы қызметінің нақты ережелерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілмек. Сонымен қатар пилоттық жоба шеңберінде жеке тасымалдаушылардың қызмет шарттарын 2020 жылға дейін қалдыруға шақырамын", – деді Сауат Мыңбаев.

Жиын қорытындысында теміржол көлігі саласында бірлесіп шешуді талап ететін бірқатар мәселелер анықталып, 2019 жылдың "Жол картасы" бекітілді.

ова қазіргі таңда бизнес "ҚТЖ-жүк тасымалдары" АҚ-пен ақпараттық әрекеттестік бойынша кедергіге тап болғанын жеткізді, атап айтқанда экспедитор-жүк жөнелтушілердің шоттарынан қаражатты шешу бойынша мәселе бар.

"Теміржол тасымалдаушы бір тасымал үшін бірнеше рет қаражат алғаны бойынша оқиғалар бар, шағым түскеннен соң ғана қаражат қайтарылған. Мұндай жайттар клиентке қаржылық ауыртпалық жасап, жүктің тасымалдауына кедергі жасайды", – деді Диляра Досмакова.

Өз кезегінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ дамыту жөніндегі басқарушы директоры Мейрамкүл Дүзбаева "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың даму стратегиясы, цифрландыру арқылы тасымалдау үдерісінің бизнес-процестерін трансформациялау, инфрақұрылымнан басқа ҚТЖ компаниялар тобының бейінді емес активтерін жүзеге асыру, жолаушылар тасымалы сервисін жақсарту, локомотивтік көліктерге қызмет көрсету тарифтерін белгілеу, жеке тасымалдаушылардың нарыққа шығуына қатысты орта мерзімді перспективада шешілуі тиіс мәселелерге тоқталды.

"Тасымалдау процесі мәселелерін шешуге зерттеу жүргізу арқылы келуді ұсынамын. Аталған бағытта көлік және коммуникациялардың ғылыми-зерттеу институтында тасымалдау үдерісін жетілдіруге қатысты ұсынысы бар, ҚТЖ-ға осы мәселе бойынша ынтымақтастықты жақсарту мүмкіндігін қарастыру қажет деп ойлаймыз", – деді  көлік және коммуникациялар ғылыми-зерттеу институты ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы Эдуард Каплан.

Сонымен қатар теміржол саласын жақсарту бойынша жұмыс туралы ақпаратпен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев бөлісті.

"Министрлік бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының жаңа заңының тұжырымдамасын әзірледі. Аталған заң жобасы теміржол операторының жаңа бизнес-моделін ескере отырып, тасымалдау үдерісіне қатысушылардың қатынастарын реттеуге бағытталған. Сондай-ақ "Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатыр. Оның шеңберінде көліктік инфрақұрылымды жақсарту және халықаралық тасымалдауды ұлғайту жөніндегі шаралар жоспарланып отыр. Өз кезегінде министрлік көліктік-логистикалық бизнесті жақсартуға байланысты барлық ұсыныстарды қарауға дайын", – деп атап өтті Берік Камалиев.

"Атамекен" ҰКП төралқасы логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы Сауат Мыңбаевтың айтуынша, ҚТЖ-Жүк тасымалдары "Экспедитор функционалы" саласында келісімді және коммерциялық жұмысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіреді.

"Клиенттердің шоттарынан екі реттен қаражат алуға келер болсақ, бұл мәселе жуыр  арада шешіледі. Жеке тасымалдаушылардың тариф белгілеу, жолаушы тасымалдары шығындарын субсидиялау, жүк түрлері бойынша кроссубсидиялау саласындағы қызметінің нақты ережелерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілмек. Сонымен қатар пилоттық жоба шеңберінде жеке тасымалдаушылардың қызмет шарттарын 2020 жылға дейін қалдыруға шақырамын", – деді Сауат Мыңбаев.

Жиын қорытындысында теміржол көлігі саласында бірлесіп шешуді талап ететін бірқатар мәселелер анықталып, 2019 жылдың "Жол картасы" бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу