Ұлттық банк 2019 жылдан бастап "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" (БЖЗҚ) АҚ-ның комиссиялық сыйақы мөлшерін төмендетеді. Инвестициялық кірістен 7,5% және зейнетақы активтері көлемінен 0,025% болатын тарифтер сәйкесінше 5% және 0,015%-ға төмендейтін болады. Қордың "аранын" қысқарту, қарапайым есептеу бойынша, салымшылар шотына бөлінетін шамамен 1,5 млрд теңгені үнемдейді, деп "БЖЗҚ" АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева Алматыда өткен баспасөз конференциясында атап кетті. Ол бұл бастама келесі жылға есептеу барысында салынған экономикалық параметрлерді қолдауға тиіс екенін айтты.
Айтпақшы, қор былтырдан бастап бизнес-процестерді қайта қараумен айналысқан болатын: өңірлік желіні және бірін-бірі қайталайтын қызметтерді жою мақсатында бөлімшелердің штаттық санын оңтайландырды.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы қорларының шығындарын қысқарту және салымшыға әкімшілік ауыртпалықты төмендету жайы 2013 жылдың басында жекелеген қорлардың зейнетақы активтерін бірыңғай мемлекеттік қорға біріктіру туралы шешім қабылдау барысында айтылған басты тақырыптардың бірі болған еді. 2014 жылдан бастап БЖЗҚ-ның сыйақысы қысқарумен келді. Ол инвестициялық кірістің сомасынан 33%-ға және зейнетақы активтері көлемінен 40%-ға азайды.
Жекелеген зейнетақы қорларының комиссияларын оңтайландыру үшін, мұнан соң БЖЗҚ-да статистика жүргізіліп, барлық зейнетақы активтерінің жартысы қаржы министрлігінің ұзақмерзімді құнды қағаздарына салынғанын еске сала кетейік. Бұл жайт портфельдің теңгелік бөлігін белсенді басқаруға бермейді деген сөз. Сондай-ақ МҚҚ-ы көлемі заңнамалық тұрғыда белгіленген, яғни қазақстандық эмитенттерге бөлінген активтер үлесінің 76,6%-нан 46,83% лимит деп белгіленген. 2018 жылдың қазан айының басында үкімет пен Ұлттық банктің ішкі қарыздары (өте қысқа және портфельде араластаруды талап етпейтін) нормативті толығымен орындап инвестициялық портфельде 46,8% болды.
Аbctv.kz-тың комиссиялық сыйақының өзгеруі шетелдік басқарушыларға да әрекет ете ме деген сауалына жауап берген БЖЗҚ-ы өкілі активтердің жартысын сыртқы басқаруға беру және комиссиялық сыйақы төлемінің шартын Ұлттық банк белгілейтінін, шын мәнісінде, портфельді сыртқы басқарушыға қайта сенімдеу болатынын атап кетті.
Бұл шарттар сенімгерлік басқару келісімшарты бойынша келісіледі. Әдетте сенімгерлік басқарушыға комиссияны инвестициялық кірістен, зейнетақы активтерінің параметрінен түскен комиссияға қосады және кей жағдайда нақты алынған кірістің көрсеткіштері бастапқы көрсеткіштен асып кеткенде, басқару сапасы үшін де комиссия қосылады.
БЖЗҚ 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде қордың таза инвестициялық кірісі 623,6 млрд теңге болды деп отыр.
"Зейнетақы активтерінің кірістілігі 2018 жылдың 1 қазанында инфляция 3,3 пайыз болғанда 7,75 пайызды құраған. Былтырғы жылмен салыстырғанда зейнетақы активтерінің кірістілігі жылдық тоғыз пайызға жеткен. Осы уақыт ішіндегі инфляция деңгейі 6,1 пайыз болған", – деді Сәуле Егеубаева.
Портфель құрылымында МҚҚ-дан басқа 17,9% үлесті қазақстандық банктердің құнды қағаздары еншілейді. 2016 жылдың басынан олардың зейнетақы активтеріндегі үлесі 34%-дан 17,9%-ға төмендеген. Шет мемлекеттердің және халықаралық қаржы ұйымдарының мемлекеттік қағаздар үлесі 15%-ды құрайды, ал квазимемлекеттік сектордың құнды қағаздарының үлесі 8%.
2018 жылдың басынан бері Ұлттық банктің басқаруында болған активтердің жартысынан алынған инвестициялық кіріс құрылымындағы кірістің 98%-ы МҚҚ-ны сатып алу, ақша нарығының операциялары мен валютаны қайта бағалаудан түскен. Негізінен, құнды қағаздар бойынша кіріс, оның ішінде орналастырылған салымдар және "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 408,06 млрд теңге болған. Құнды қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кіріс 3,02 трлн теңге.
Шетелдік валютаны қайта бағалаудан түскен кіріс 242,89 млрд теңгеге дейін өскен, ал сыртқы басқарудан түскен кіріс 8,9 млрд теңгеге жеткен. Жиынтық инвестициялық кіріс 663,09 млрд теңге болған.
Қаржы министрлігінің қарыздарына қарсы Ұлттық банктің дисконттық ноталарды белсенді сатып алуын атап кету керек. Қыркүйек айында Ұлттық банк БЖЗҚ үшін 1,2 трлн теңгеге (орташа есептелген кірістілігі жылдық 8,27%) өзінің қысқамерзімді міндеттемелерін, сондай-ақ қаржы министрлігінің теңгелік міндеттемелерін 26 млрд теңгеге (орташа есептелген кірістілігі жылдық 8,45%) сатып алған. Тамызда 1,6 трлн теңгеге ноталар сатып алынған, осы уақытта 48 млрд теңгеге қаржы министрлігінің МҚҚ-сы сатып алынған. Олардың орташа есептелген кірістілігі сәйкесінше жылдық 8,13% және 8,44% болған. Ал шілде айында 1,3 трлн теңге (кірістілігі 8,14%) көлемінде ноталар сатып алынған. Сонымен қатар 93 млрд теңгеге (кірістілігі 8,44%) қаржы министрлігінің қарызын сатып алу керек болған.
Татьяна Батищева