Ұлттық банк: "Тұралап қалғандарын қаламаймыз"

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
2652

Олег Смоляков банктерді Базель ІІІ стандартына көшіру неліктен кейінге шегерілгенін айтып берді.

Ұлттық банк: "Тұралап қалғандарын қаламаймыз"

Ұлттық банк дербес капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділігі бойынша банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің негізгі принциптерін енгізу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыруда. Алайда Ұлттық банк аталған принциптердің бәрін бір уақытта енгізуге асығар емес. Бұл талаптардың қажеттілігіне, стандарттарға бірден өту еліміздің банк жүйесіне кері әсер етуі ықтимал.

"Біз келер жылғы шегердік. Дайындық тұрғысынан банктердің мүмкіндігін бағалап көрмекпіз. Олардың тұралап қалғанын қаламаймыз. Сондай-ақ бұл әлем елдерінің бәріне ортақ қалыпты тәжірибе. Елдердің барлығы банктердің дайындығына қарай енгізу кестесін қарастырады", – деді abctv.kz-ке Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Банктер өте маңызды компонент саналатын бақылау процесі бойынша мерзімді ұзартуға мүмкіндік алды. Бұл компонент банктің стратегиясы мен бизнес-моделін бағалауға, ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жүйесіне, капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділігіне негізделуге тиіс. Аталған компонент шеңберінде тәуекелдер қаупі жоғары және тәуекелдерді басқару менеджементі қанағаттанарлықсыз деңгейдегі банктерге бақылаушылық үстеме (add-on) енгізу қарастырылатын болады.

"Үш буфер бар: минималды деңгей, консервациялық және контрциклдік. Минималды буфер – бұл банк бұзбауға тиіс деңгей. Дегенмен мұнда капиталға қосымша үстеме бар. Яғни банк мұны бір жағынан бұза алады, бірақ мұндай жағдайда дивидендтерді төлеуге шектеу қойылады", – деп түсіндірді Олег Смоляков.

"2% шамасындағы үстеме – бұл консервациялық буфер. Үшінші, контрциклдік буфер әлі қолданылған жоқ. Себебі ол 1%-бен 3% аралығында өзгеріп тұрады. Бұл – контрциклдік саясаттың құралы. Егер несие нарығында серпіліс пайда болса, банктің капитал қорын ұлғайту және несие қоржынының өсу қарқынын төмендету үшін біз аталған буферді 1% бен 3% аралығында енгізе аламыз. Керісінше, іскерлік белсенділік азайған кезде, біз оны төмендетуге мүмкіндігіміз бар. Алайда бұл буфер бүгінгі таңда қолданылған емес, себебі несие нарығында ешқандай серпіліс жоқ", – деді ол.

Мұнан бөлек,  жүйелік буфер деген бар. "Ұлттық банк басқармасының қаулысына сәйкес жүйе құраушы қаржы институттары деп танылғандар да 1% үстеме ала алады".

"Яғни, капиталдың ең төменгі деңгейі мен жүйе құраушы белгілеріне немесе экономикалық циклдың фазасына байланысты енгізілетін қосымша буфер бар. Олардың тәртібіндегі олқылықтар лицензиядан айыруға әкеп соқпайды, десек те дивиденттерді шектеуге әсер етеді", – деп нақтылап кетті Ұлттық банк басшысының орынбасары.

Смоляков Базель ІІІ қысқармерзімдік және орташа мерзімдік өтімділік бойынша ережелерді қарастыратынын тілге тиек ете кетті.

"Олардың қысқамерзімдік өтімділік ережесі деп аталатын басты идеясы – банктің алдағы 30 күндегі ықтимал қаржы жылыстауларының орнын толтыратындай өтімді активтері болуы шарт.  Ал орташа мерзімдік өтімділік одан да ұзақ мерзімде активтер мен міндеттемелер арасындағы өтімділікті тепе-теңдікке келтіреді. Ол ережелер бізге жазылған, алайда біз банктердің ол ережерді іске қосуын кейінге шегере тұруды қаладық, өйткені қазір банктер Базель ІІІ-ті толық көлемде орындауға дайын емес", – дейді ол.

Дей тұрғанмен, шегерудің мерзімі ұзаққа созылмайтынын айта кетейік. Еліміздің 2022 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамында аталмыш үдеріс орташамерзімдік перспективада іске асатыны жазылған. Сол себепті алдағы бес жылда бұл ережелер қалайда енгізілетін болады.

Еркебұлан Қыздарбек, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу