Ұлттық қор дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларына қызығушылық танытпақ

Камила Абдиева Камила Абдиева
3004

Ұлттық банк 2020 жылға қарай Ұлттық қордағы дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары үлесін екі есе қысқартпақ.

Ұлттық қор дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларына қызығушылық танытпақ

Ұлттық банк Ұлттық қордың активтерінің жинақтау қоржынын айтарлықтай әртараптандырғысы келіп отыр. Олар Ұлттық қордың қоржынын осылайша үлкен табысқа кенелтпек. Қор активтерімен инвестициялық операцияны жүзеге  асырудың жаңа ережесінде осылай жазылған деп отыр abctv.kz. Бұл құжат 21 қыркүйек күні Ұлттық банктің сайтында жарияланды.

Ұлттық қор активтерінің жинақ қоржынының құрамы енді негізгі үш бөліктен– жинақ қоржыны кірісі белгіленген бағалы қағаздар қоржынынан, акциялар қоржыны мен баламалы құралдар қоржынынан тұратын болады. Сондай-ақ облигациялар қоржынының құрылымында алғаш рет дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының үлкен бөлігіне және корпоративтік облигацияларға ойысу жоспары қарастырылған.   

Былайша айтқанда, егер қазір жинақ қоржынының 80%-ы дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларынан, ал 20%-ы MSCI World Index компания индексінің акцияларынан құралған болса, енді көшу тәсіліне сүйенетін болсақ, онда осы жылдың соңына қарай дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары, акциялар және баламалы құралдар үлесінің арақатынасы 75%, ≥23% и ≈2% (немесе миллиард доллар) болады.

2020 жылға қарай жинақ қоржынының құрылымы одан сайын қызығарлықтай болмақ. Яғни дамыған елдердің облигациялар үлесі шамамен 35% болуға тиіс, бұл қазіргі көрсеткіштен екі есе төмен. Сонымен қатар дамушы елдердің облигациялары мен корпоративтік облигациялар үлесі 0%-дан 15% және 10%-ға дейін өсіп, ал акциялар бойынша ≥35% деңгейіне жетуге тиіс.

Қор активтеріне үлкен пайда әкелуге тиіс балама құралдар қоржыны ≈5% (≥2 млрд доллар) мәніне жуықтауы керек. Сондай-ақ құралдардың осы пулын басқару заң жүзінде Ұлттық банктің еншілес құрылымы – "ҚР Ұлттық банкінің  ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ беріледі.

"Балама құралдардың портфелі кірістілігінің нысаналы деңгейі АҚШ долларымен өлшенетін 80% MSCI АCWI Investable Market Index индексінен және 20% Barclays Global Aggregate Bond Index индексінен тұратын композиттік индекстің кірістілігі болып табылады. Бұл ретте кірістіліктің ең төменгі деңгейі жылдық есептеуде АҚШ-тағы инфляция индексінің мәнін (US CPI) +3 % құрайды", – деп көрсетілген құжатта.

Жаңа ереже, бұдан басқа, тұрақталған қоржынның ең үлкен мөлшерін бұрынғы ережеде көрсетілген –  бюджетке кепілдендірілген трансферт желісі бойынша "бюджетке ай сайын құйылатын қаражат көлемінен кем емес" 10 млрд доллар деңгейіне жеткізеді. Сондай-ақ бұл бюджет алымдарын жылына екі трлн деңгейіне дейін қысқартуды болжайтын алдағы үш жылға арналған бюджет ережесімен мақұлданады. Тұрақтандырылған қоржын үш есе немесе шамамен бес млрд долларға қысқарады. Қоржынның жаңа құрылымына көшудің алғашқы кезеңі осы жылға жоспарланып отыр, ол IV тоқсанда іске асырылады.

Қоржынды әртараптандыру және табыстылықтың соңына түсу– алдағы уақытта ұлттық қордың  деңгейі төмендейді деген қауіпті жоққа шығаруға байланысты болып отыр. Мысалы, 2018-2020 жылдарға арналған елдің бюджет жобасында ұлттық қордың қаражатының таза жылыстауы 2017 жылы 2,2 трлн теңгеге төмендейді, ал 2020 жылға дейін 37 млрд теңгеге дейін төмендейтін болады деп нақты көрсетілген. 2017-2020 жылдар ішінде қор активтері 3,07 трлн теңгеге азаяды, бұл тоғыз млрд долларға немесе сыртқы активтердің 15%-на сәйкес келеді. Сонымен қатар соңғы жылдардағы тәжірибеге сүйенер болсақ, онда бұл сан үлкен өзгеріске ұшырауы мүмкін.
2016 жылдың қорытындысы бойынша, Ұлттық қор активтерінің валюталық құрылымының көрсеткіші : валюталық қоржын – 95,36% (61,2 млрд доллар), теңгелік қоржын – 4,04% (2,6 млрд доллар) және теңгелік шотта қалғандары – 0,6% (384 млн доллар) болған. Ұлттық қордың валюталық активтер құрамындағы тұрақтандырылған және жинақ қоржынының нарықтық құны 24,76% (15,15 млрд доллар) және 75,24% (46,06 млрд доллар) болған.

Елдердің арақатынасы бойынша қарайтын болсақ, онда жинақ қоржынының активтерінің ең көп үлесі АҚШ (39,88%), еуроаймақ елдері (21,57%), Жапония (10,06%), Ұлыбритания (7,47%), Канада (5,84%), Аустралия (4,74%),Оңтүстік Корея  (4,76%) сияқты елдерге және басқаларына (5,68%) тиіселі.
2016 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың табыстылығы 592,98 млн доллар немесе 0,84% болған. Қорды құрғаннан бергі оның базалық валютадағы табысы 2017 жылдың басында 68,04%-ға жақындады, бұл қайта есептеу бойынша жылдық көрсеткіште 3,39%-ға тең деген сөз.
Қазақстанның Ұлттық қоры – бюджеттің әлемдік шикізат бағасы жағдаятына тәуелділігін азайту мақсатында құрылған  ҚР қаржы министрлігінің арнайы шоты. Онда еліміздің мұнай сатудан түскен барлық пайдасы жинақталады. Қор сыртқы активтерді қалыптастыру және басқару арқылы жинақтау функциясын жүзеге асырады, сондай-ақ елдің бюджетін кепілдендірілген және мақсатты трансферттерді аудару арқылы ұстап тұрады.

Гүлназ Ермағанбетова, Камила Абдиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу