"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ канадалық Cameco компаниясымен уранды конверсиялауға қатысты бірлескен жобаға қаражат салмауға шешім қабылдады. Бұл туралы abctv.kz-тің жолдаған сауалына ұлттық компанияның қоғаммен байланыс департаменті берген жауабында айтылған.
"Уран өнімі мен конверсиялық қызметтің қазіргі бағасы төмен болуына байланысты жобаға қаражат салмауға шешім қабылданды", – делінген уран корпорациясының хатында.
Еске салар болсақ, осыған дейін қазақстандық және канадалық атом компаниялары Өскеменде уранды тазартатын зауытты салуды жағымсыз нарықтық жағдайға байланысты кейінге қалдырды деп "Астана" телеарнасы хабарлаған болатын. Жарамдылық мерзімі 2021 жылы бітетін іске асыру туралы келісім шеңберінде сондай-ақ "Қазатаомөнеркәсіпте" Cameco компаниясының уранды конверсиялау бойынша патентелген технологиясын алудың баламалы жолы болды. Ол уран гексафторидін шығаруға қатысты конверсиялық өндірістің құрылысы мен жұмысы үшін қолданылуы мүмкін деп келтірілген Cameco-ның өткен жылға жасаған есебінде.
Cameco компаниясының 2016 жылғы есебінде, уранды аффинаждау және конверсиялау технологиясын беру, "Іңкәй" уран кен орны бойынша келісімді қайта қараудың шарты болғаны айтылған. 2017 жылы жасалған келісімге сәйкес, "Қазатомөнеркәсіп" бұл активтегі бақылау пакетінің 60 пайызына ие болған, ал Cameco-ның үлесі 40 пайызға дейін төмендеген. Ақыр-соңында "Іңкәй" бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшарты 2045 жылға дейін ұзартылды, ал рұқсат етілген өндіріс көлемі өсіп кетті.
Сонымен қатар ұлттық компания Өскемендегі отын құрастыру бойынша қытайлық China General Nuclear Power Corporation және француздық Areva компаниясымен бірлескен жобаның одан әрі іске асып жатқанын растады.
"Тап қазіргі уақытта өндірістік ғимаратты жобалу жұмысы жүріп жатыр. Онда жылу шығарушы бүрме өндірісіне арналған технологиялық желі орналасатын болады. Бұған қоса, негізгі өндірістік мекемені сейсмикалық қатерге төтеп беруін күшейтуге қатысты құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, жабдықтар жасалуда, сондай-ақ инженерлік-техникалық кадрларды дайындау мен тағылымдауға келісімшарт дайындалуда", – деп көрсетілген "Қазатомөнеркәсіп" хабарламасында.
Аbctv.kz-тің уран өнімін көп көлемде шығару, уран қорының таусылуына әкелуі мүмкін бе деген сауалына "Қазамтомөнеркәсіп" елдегі металл өндіру өндірісті жүргізуге арналған келісімшартқа сәйкес жүріп жатқанын айтты.
"Қазіргі уақытта "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-тың 2016-2027 жылдарға арналған уранның минералды-шикізат базасының орнын толтыру бойынша іздестіру жұмысын жүргізу бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарлама аясында уранды іздестіру жұмыстары әртүрлі кен орындарында жүргізілуде", – деп атап кетті ұлттық компания.
Ұлттық компанияның ақпараты бойынша, 2017 жылы уран өндірісінің өсімі "ОТХК" БК" ЖШС және "Іңкәй" БК" ЖШС кәсіпорындарының баланстық есебінде байқалған. Биыл уран өндіретін мемлекеттік компания бекітілген бюджетке сәйкес геологиялық барлау жұмыстарына 3 млрд теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ "Қазатомөнеркәсіптің" баспасөз қызметі жер қойнауы туралы кодексте бекітілгендей уран өндіретін кәсіпорындардағы ұлттық компанияның үлесінің басымдығы туралы норманың қолданылуына қатысты түсініктеме берді.
"Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі ұлттық компаниямен БК құру мәселесін және қазіргі БК-дағы үлестің мөлшерін өзгерту бойынша талаптарға қатысты нормаларды қарастырмайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексінде ұлттық компаниямен уран саласында жер қойнауын уранды өндіруге пайдалану құқын беру шарттары бойынша ереже қарастырылған. Негізінен, ұлттық компанияның уран саласында ұсынылған жер қойнауын өндіруге пайдалану құқы немесе жер қойнауын пайдалану құқындағы үлесі тікелей келіссөздер негізінде тек заңды тұлғаға ғана берілуі мүмкін, акцияның 50 пайыздан астамы (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде уран саласындағы ұлттық компанияға тиесілі", – деп түсіндірді ұлттық компания.
Демек, мұндай заңды тұлға жер қойнауын пайдалану құқын немесе жер қойнауын пайдалану құқындағы үлесін кез келген әрі қарай беруде тек акцияның 50 пайыздан астамы (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде уран саласындағы ұлттық компаниясына тиесілі заңды тұлғаға ғана бере алады, деп түсіндірді "Қазамтомөнеркәсіп".
Сонымен бірге атом компаниясы жақында құрылған TH Kazakatom AG трейдингтік компаниясы уран қорын құру міндетін қарастырмайтынын айтты. Еске салар болсақ, 2016 жылы компания компания уран қорын құру туралы ниеті бар екенін айтқан болатын. Сондай-ақ компания былтырғы жылы "Заречное" бірлескен кәсіпорнының темір жол арқылы уран тасымалдауда туындаған қиындықтарының себебін түсіндіріп кетті.
"Заречное" БК"АҚ-тың темір жол арқылы уран тасымалдауда туындаған мәселесіне нормативтік құжаттарды екіұшты түсіну себеп болды. Мемлекеттік өкілетті органдарда түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, мәселе шешілді. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ өкілдері қауіпті жүкті темір жол арқылы тасымалдаудың қазіргі қолданыстағы ережесінде уран өнімін арнайы контейнерлердегі ашық вагондармен тасымалдау мүмкіндігі қарастырылғанын мойындады. Қазіргі таңда табиғи уранның химиялық концентратын темір жол арқылы тасымалдау қалыпты жағдайда іске асып жатыр", – деп жазылған "Қазатомөнеркәсіп" хабарламасында.
Гүлназ Ермағанбетова, Данияр Серіков