Жоғары жалақы төленетін қызметтер бос тұр

3988

Қазақстанда өз ісінің майталманы саналатын кәсіби мамандар жетіспейді.

Жоғары жалақы төленетін қызметтер бос тұр

Оларға ірі компаниялар миллионмен есептелетін жоғары жалақы ұсынуға даяр. Бірақ бәрібір, жеті мыңдай орын бос тұрған көрінеді.

Ұлттық экономика министрлігі "2019 жылғы Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындардағы бос жұмыс орындар және кадрларға қажеттілік туралы" есебін жариялады.

2019 жылғы 1 қаңтарға қызметтердің негізгі кәсіптік топтары бойынша  бос жұмыс орындары (бірлік)

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ірі кәсіпорындардағы қызметкерлердің саны 2 миллион 416,5 мың адамды, ал бос жұмыс орындар саны 28 мың 305 бірлікті құрады. Қызметкерлердің тізімдік санындағы бос жұмыс орындардың үлесі 1,2%.

Бос орындардың басым көпшілігі "кәсіби мамандар" тобына келеді – 6 мың 912 бірлік. Бұл бос жұмыс орындарының жалпы санының 24,4%-ы. "Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары" 6 мың 119 бірлік көлемінде жетіспейді. "Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылары және жүргізушілер" 4 мың 199 көлемде тапшы. "Техник мамандар және басқа да кәсіби көмекші персоналдың" 3 мың 273 орны бос тұр.

2019 жылы қызметтердің негізгі кәсіптік топтары бойынша күтілетін қажеттілік (адам)

Жанат Ардақ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу