Жүйе дайын, жарна уайым болып тұр

2275

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық сақтандыру реформасын енгізу халықтың төрттен бір бөлігін денсаулық сақтау жүйесінің "сыртында" қалдыру қаупі бар екенін мойындап отыр.

Жүйе дайын, жарна уайым болып тұр

Министрлік жеке сектордан қорға түсетін жарналарды жинаудан бас тартуға дайын емес. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 3,5 млн азаматты  міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне енгізу проблемасы - реформаны енгізуді 2020 жылға дейін  шегеруге себеп болуы мүмкін екенін айтты.

"Жарна төлеуді кейінге қалдырмауды ұсынып отырмыз. Яғни медициналық сақтандыру дегеніміз не?  Бұл - жарна мен сатып алулар. Сатып алу орталықтандырылған қордан жасалады. Біз қордың жұмыс істеп, жарна жинап, келесі жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) бюджеттік ақша операторы ретінде қызмет көрсете бастауын ұсынып отырмыз", - деді денсаулық сақтау министрі.  

Оның айтуынша, егер реформа енгізу кейінге қалдырылатын болса, медициналық қызмет көрсету қазіргідей ТМККК аясында қала береді. Ал медициналық қызмет  төлемі жөніндегі комитет әлеуметтік медициналық  сақтандыру қоры (ӘМСҚ) болып өзгергендіктен, қор төлемді іске асырады.   

"Жүйенің дайындығы жоғары деңгейде, оны енгізе беруге болады. Жекеменшік клиникалар мен мемлекеттік клиникалар осы арада туындайтын бәсекелестікпен күресуге дайын. Егер халықтың 15% немесе 20%-ы жүйені пайдаланбайтын болса, онда бұл дұрыс емес. Онда біз мемлекет ретінде  бұл жүйені енгізе алмаймыз. Одан да мұны тоқтата тұрып, халықтың бәрі тартылатынына сенімді болған жөн", - деп ойын қорытындылады министр Елжан Біртанов.  

Алайда министрліктің ұстанымы екі жақты болып отыр, олар реформаны енгізуді кейінге қалдыру жағдайында жеке сектор тарапынан қорға жарна төлеудің пайдасын түсінбей отырған  бизнес-қауымдастықтың мүддесін ескеріп отырған жоқ.

"Атамекен" КҰП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов abctv.kz-ке берген сұхбатында КҰП реформаны 2020 жылға дейін шегеріп, жетілдіруді  ұсынып отырғанын айтты. Оның айтуынша, "медициналық сақтандыруды іске қосу идеясы дұрыс емес", "бірыңғай түсінік қалыптасып отырған  жоқ". Өйткені сақтандыру жүйесі "жұмыс берушілер үшін салықтың жаңа түрі" болып отыр. 

"Қазір бизнесмендердің барлығы қорға ақша төлеу керек пе, жоқ па деген орынды сұрақ қойып отыр. Бұл қаражат қайда кетеді? Екі жыл ішінде қор штатын не үшін ұстайды? Осы сұрақтар жұмыс берушілердің наразылығын тудыруда. Адал кәсіпкерлер заңды бұзғысы келмейді және болып жатқан үдерістің мәнін, ақшаның қайда кеткенін түсінбей дал",- деді Абылай Мырзахметов.

Бұл сұраққа денсаулық сақтау министрлігі әзірге нақты бір жауап бермегенін айтып кеткен жөн.

"Бұл ақша (ӘМСҚ-ға төленетін жарна) жұмсалмайды, олар заңды түрде  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап  іске қосылғаннан кейін ғана немесе  реформаны кейінге қалдырамыз  деп шешсек қана жұмсала бастайды", - деп жауап берді министр.

Реформаның қазіргі құрылымында ӘМСҚ-ға төленетін жарнаны  2017 жылы 1%-дан бастап 2025 жылы 5%-ға дейін арттыру ұсынылып отыр. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ЖТС бойынша мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер 691,8 млрд теңге болған, ол 2015 жылдағы деңгейден 15,5%-ға көп. Осыған қарап есептейтін болсақ, 2017 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі аралықта  халық пен бизнес тарапынан ӘМСҚ-ға жыл сайын түсетін төлем шамамен 35-346 млрд теңге болатынын көрсетеді. 2016 жылы мемлекеттің денсаулық сақтау саласына жұмсаған шығыны 1,04 трлн теңге болған.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу