"Қара алтын" қазынаға құт әкелмеді

20986

Brent мұнайының орташа жылдық бағасы бюджеттегі көрсеткіштен 1,4 есеге көтерілгеніне қарамастан, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор жоспарлаған әр оныншы мұнай долларын ала алмады.

"Қара алтын" қазынаға құт әкелмеді

2016 жылы мұнай құны қарыштап өсіп, нәтижесінде "қара алтынның" орташа жылдық бағасы бюджетте белгіленген көрсеткіштен әлдеқайда жоғары болды. Алайда бұл негізгі бөлігін мұнай мен газдан түсетін табыс құрайтын Қазақстан Ұлттық қорының түсіміне еш әсер етпеді. E-Minfin талдау орталығы орналастырған бақылау есебіндегі қаражаттың айналымы жайлы жылдық есебі осындай қорытындының тууына негіз болды.

E-Minfin-нің мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы Ұлттық қорға түскен түсім 1,14 трлн теңгеге жетті. Бұл жылдық жоспарда белгіленген 1,26 трлн теңге көрсеткіштен 10,1%-ға (немесе 128,5 млрд теңгеге) кем. Есте қаларлығы, мұнай-газдан түсетін табыстың кемуі "қара алтын" бағасының өсіп тұрған кезінде болды.

Ұлттық қор түсіміне болжам жасалған 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджеттің 4-қосымшасында, Brent маркалы шикі мұнайдың орташа жылдық құны барреліне 30 доллар, ал айырбас бағамы бір долларға 360 теңге көрсеткішімен есептеліп, жоспар бойынша 74,5 млн тонна мұнай өндіру тиіс еді.

Жалпы жағдай жаман емес. 2016 жылы Brent мұнайының бағасы 50%-ға өсті – 37,6 доллардан 56,82 долларға дейін қымбаттады. Нәтижесінде бір баррель "қара алтынның" орташа жылдық бағасы 42,8 доллар болды, алайда бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 15,7%-ға төмен еді. Не дегенмен, бюджетте белгіленген шектен 42,6%-ға жоғары болғанын есептеді Ұлттық банк.

Бағаның қарыштап көтеріле бастауы және Қашаған кен орнын іске қосу шикі мұнай өндіру жоспарынан 4,8%-ға (немесе 3,5 млн тоннаға) асыра орындауға әкелді, яғни 78,04 млн тоннаға жеткізді деп статистика комитеті 2016 жылдың өндірістік қорытындысын шығарды.

Былтыр теңгенің айырбас бағамы 6,1%-ға нығайғаны көрінеді нақты тиімді айырбас бағамы индексінде. Ал теңгенің долларға шаққандағы бағамы есепті жылы бар болғаны 2,6%-ға нығайды.

Ұлттық қор табысының құрылымына кері әсер тигізіп отырған негізгі сала мұнай-газ секторын ұйымдастырумен байланысты түсетін корпоративті табыс. Бұл тармақ бойынша жоспарланған 606,14 млрд теңгенің орнына, іс жүзінде жоспардың 27,7%-ы, яғни 168,14 млрд теңге орындалмай қалды.

Дегенмен еркін құбылмалы айырбас бағамына көшудің салдарынан теңгенің құнсыздануы 2016 жылы мемлекеттік бюджеттің табысын арттырды. Өткен жылы жоспардан артық салық түсімі шамамен 1,2 трлн теңгеге жетті. Осы қаражаттың көп бөлігінің есебінен (шамамен 750 млрд теңге) Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылған трансферт қысқартылды.

Арман Жақып

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу