"Қорғас" жабылады, "Қалжат" қалады

6798

Қытаймен шекарадағы алты логистикалық бекеттің біріншісін жаңартуға 30 млрд теңге жұмсалды.

"Қорғас" жабылады, "Қалжат" қалады

Euratransit Logistic ЖШС Алматы облысындағы Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Қалжат" көлік-логистикалық орталығы  (КЛО - автор) кезек барысында бірінші болып жаңартылды.

Жобаны таныстыру кезінде компания директоры Ерлан Диханбаев "Қорғас" халықаралық жүк және жолаушылар өткізу бекетінің қашан жабылатынын да айтты. Оның сөзінше,  2018 жылы ашылады деп жоспарланып отырған "Нұржолы"  көлік-логистикалық орталығының құрылысы аяқталғаннан кейін "Қорғас" Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік дәлізінің тізімінен шығып қалады.

Осымен қатар "Бақты" және "Майқапшағай" өткізу бекетіндегі инфрақұрылымдарды жетілдіруге қатысты жұмыстар да бір мезгілде аяқталуға тиіс. Жоба аясында жұмыс істеп тұрған "Қалжат", "Бақты", "Достық", "Алтынкөл", "Майқапшағай" және келешекте "Нұржолы" алты өткізу бекетінің инфрақұрылымын жетілдіру жоспарланған.

Бірақ әзірге тек "Қалжат" көлік-логистикалық орталығының логистикалық проблемасы жойылған. Жаңартылған сауда-логистикалық орталығының ресми ашылу салтанаты Алматы облысының Ұйғыр ауданының Қалжат кентінде өтті.

Eurotransit Logistic ЖШС директоры жаңа ақпарттық жүйе кәсіпкерлердің уақытын үнемдейтініне сенімді.  Ерлан Диханбаевтың айтуынша, логистикалық компания өкілдеріне тек жүкті сұрыптау, сақтау және таңбалау  бойынша ғана қызмет көрсетіліп қоймайды, олар қызмет  көрсетіліп жатқан кезде демалу бөлмесінде демалып, интернет арқылы бизнес-рум жасай алады.

Жоба мемлекеттік-жеке әріптестік (МЖӘ) аясында жүзеге асқан. Мемлекет кедендік ведомство башыларының  ынтымақтастығын қалыпқа келтіруге қолдау көрсетті.

Eurotransit Logistic жобасы Қазақстан мен Қытай шекарасы маңы аумағында  Қытайдан келетін автокөлік ағынын барынша қамту мақсатында заманауи кедендік-логистикалық орталық желісін құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы құрылтайшы – "Форпост – инвестициялар және даму" ЖШС-ның ресми сайтында көрсетілген. Бұл компания 2012 жылдан бастап қазақстандық инвестициялық компания ретінде жұмыс істеуде.

Кедендік бекетті жаңғыртуға жеке қаражат салынған. Ерлан Диханбаевтың айтуынша, шамамен 30 млрд теңге қаражат жұмсалған, оның 60%-ы қарыз ақша. Ол орталықты салуға бірнеше қазақстандық банктен несие алынғанын айтты. КЛО-ның жалпы көлемі – 20 га. Бүгінгі күні "Қалжат" көлік-логистика орталығы бір күнде 150-ге жуық машина өткізе алады. Барлық жұмыс біткеннен кейін бұл көрсеткіш 500-ге дейін жетуі тиіс. Төрт ай ішінде заманауи техникалық бақылау кешені орнатылады. Жаңа техникалық бақылау кешенінен өту небәрі үш минутты ғана алады, осы уақыт ішінде сканер машинаны толық көрсетіп шығады деп сендірді жаңа КЛО директоры.

"Жаңа логистикалық орталықта кезекте тұру деген болмайды. Бұрынғы инфрақұрылым машиналардың мұндай ағынын тексере алмайтын. Енді тексеру аумағына бір мезетте 30 машина сияды, бұрын екі машинаны әзер сыйғызатын", – деді ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Амрин КЛО-ны ашылуында.

Ол бұл жобаның негізі қолжетімділік пен ашықтыққа құралғанын айтты. Шекарадағы қиындықтардың бірі – байланыстың нашарлығы. Барлығы жақсы жасалғанымен, осының салдарынан көп уақыт босқа кетіп жатады. Ғұсман Амриннің айуынша, бүгінгі таңда орталықта жылдамдығы секундына 80 Кбит болатын байланыс арнасы бар.

"Қалжат" КЛО-ның кейбір қызметтері ақылы болады. Ғұсман Амрин қызмет көрсету прайсын жасауда Алматы облысының кедендік қызмет көрсету нарығының сараптамасы есепке алынғанын айтты. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар құжатты рәсімдеуді жылдамдату үшін ақша төлеуге дайын екендіктерін айтқан.

"Жылдамдық қаржылық ресурстарды үнемдейді. Жүк жылдам жеткізілетін болады, осыған орай, компания үшін тасымалдаудың жалпы құны төмендейтінін айтуға болады. Бұл жерде әңгіме сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компанияның қаражатын тиімді жұмсау туралы болып отыр", – деді "Антана Логистик" компаниясының даму жөніндегі директоры  Виталий Киричик.  

Қазақстандағы шекаралық көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту Еуразияның ең ірі логистикалық жүйесін құруға әкеледі деп жоспарланып отыр.

Бұрын Ерлан Диханбаев Eurotransit-KTC ЖШС басшысы болған, ал бұл компанияның акцияларының 25%-ы "ҚТЖ" АҚ-тың еншілес компаниясына тиесілі болған. Қазіргі таңда "ҚТЖ" компаниясы "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА-ның акционері және "Қорғас" ХШЫО компаниясын басқарушы.

Гүлназ Ермағанбетова, Римма Гахова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу