"Соңғы уақытта орта және шағын бизнесті қолдауда көптеген маңызды шешім қабылдадық"

Аскар Чокин Аскар Чокин
2179

Мемлекет басшысы КҰП төралқа төрағасымен кездесті.

"Соңғы уақытта орта және шағын бизнесті қолдауда көптеген  маңызды шешім қабылдадық"

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен кездесті.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында мемлекет басшысына "Атамекен" КҰП-тың атқарып жатқан жұмысы туралы ақпар берілді.  

Елбасы орта және шағын бизнесті қолдаудың маңыздылығына тоқталып, бұл бағыт бойынша мемлекеттік шаралардың нәтижесін тілге тиек етті.

"Соңғы уақытта құқық қорғау саласында, сол сияқты жергілікті органдар тарапынан орта және шағын бизнесті қолдауда көптеген  маңызды шешім қабылдадық. Мұның ішінде шағын несие беру мәселесі, сондай-ақ адамдарды кәсіпке баулу да бар", – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысына "Атамекен" КҰП-тың өңірлерде атқарып жатқан жұмысы, оның ішінде халықты бизнес жасаудың негіздеріне үйрету саласы таныстырылды.   

"Былтыр "Бастау" бағдарламасын бастадық. Бір айлық оқыту курсы кезінде алдын-ала іріктеу жүргізіп, адамдарға бизнестің қыр-сырын түсінуге мүмкіндік береміз. Әкімдіктермен бірлесе отырып, шағын қаржы ұйымдарын құрып, түлектерді қаржыландырдық. Биылғы жылға 1,2 млрд теңге бөлінді. Бағдарлама аясында еліміздің 80 ауданында жұмыс істеп, 15 мыңнан астам адамды оқытамыз деп отырмыз", – деді Тимур Құлыбаев.

Гүлназ Ермағанбетова, Аскар Чокин

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу