Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізу ұсынылды

Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізу ұсынылды. Тексеріс пен бақылауға келгенде, кішігірім кәсіпкер мен экономикаға үлкен ықпалы бар ірі компанияны бір қатарға қоюға болмайды. Осылай деген Құрылтай депутаты шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге бір-екі жыл мерзімге мораторий енгізуді ұсынып отыр. Айтуынша, бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға, апаттарға, төтенше жағдайларға және заңда арнайы көзделген өзге де жағдайларға байланысты тексерулерге қатысты емес. Сондай-ақ бақылау шараларының барынша көп бөлігін кәсіпкерге баруды қажет етпейтін цифрлық және алдын алу форматына көшіруге болады, - дейді депутат. Одан басты назарды заң бұзушылық салдары өте ауыр болуы мүмкін ірі бизнеске, монополияларға және қауіп-қатері көп болатын кәсіпорындарға аударуды жөн деп санайды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу