Қазақстан халқына қоры Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеді

924

Бұл ақпаратты қоғамдық қор instagram-дағы ресми парақшасында жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстан халқына қоры Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеді

"Қазақстан халқына" қоры Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеді.

"Апат салдары жойылып, залал көлемі анықталғаннан кейін "Қазақстан халқына" қоры жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып өңір тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсету тетігін пысықтайды. Қор болған жағдайды қадағалап, зардап шеккендерге қолдау мақсатында барлық қажетті шараны қабылдайды", – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Halyk Bank" Қостанайдағы өрттен үйлері жанып кеткендерге 1 млн теңгеден беріп, тұрғындардың несиесін кешіретінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу