"Қостанай ОКБ" кеден бекетінің басшысы Нұрғазинаның қалай ұсталғаны белгілі болды

932

"Қостанай ОКБ" кеден бекетінің басшысы Нұрғазинаның қалай ұсталғаны белгілі болды

Қостанай облысы бойынша Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның департаменті "Қостанай ОКБ" кеден бекетінің басшысы Л.Нұрғазинаны ұстады.

Қостанай облысы бойынша жемқорлыққа қарсы қызметтің таратқан баспасөз баянында айтылғандай, Л.Нұрғазина тауарларды жеделдетіп кедендік рәсімдеуден өткізу үшін жеке тұлғалардан тұрақты түрде пара алудың қылмыстық әдіс-тәсілін жасаған.

Бұл әрекетіне кеден бекетінің 11 лауазымды тұлғасын және  30-дан астам кәсіпкерді тартқан.

Әрбіреуіне атқаратын міндет жүктеген. Жалпы үйлестіруді Л.Нұрғазина өзі іске асырып отырған, ал кассирдің міндетін кеден бекетінің маманы М.Жақсалықов атқарған.

Үстіміздегі жылдың қараша-желтоқсан аралығында алынған параның көлемі 10 миллион теңгеден асады.

Қазіргі таңда Л.Нұрғазина және М.Жақсалықов ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ұсталып, Рудный қаласындағы уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу