Ә.Смайылов: Елімізде 19 жылу электр орталығы қызыл аймақта тұр

560

Қазақстанда 19 жылу электр орталығы "қызыл аймақта" тұр.  

Ә.Смайылов: Елімізде 19 жылу электр орталығы қызыл аймақта тұр Фото: gov.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда елде 37 жылу электр орталығы жұмыс істейді. Оның 12-сі – коммуналдық меншікте (Астана, Ақтау, Семей, Қостанай, Кентау, Орал, Арқалық, Шахтинск, Қызылорда, Тараз қалаларында), үшеуі – квазимемлекеттік ("АлЭС" АҚ) және 22-сі – жеке меншікте. 25 жылу электро орталығындағы негізгі отын – көмір, 11 жылу электр орталығында – газ және мазуттағы бір ЖЭО бар. 37 ЖЭО-да 190 бу қазандығы, 41 су жылыту қазандығы, 132 бу турбинасы және 5 газ турбинасы жұмыс істейді. Энергетика министрлігі 37 ЖЭО-ның техникалық жай-күйіне талдау жүргізіп, оларды тәуекел топтары бойынша санаттады және бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарларын әзірледі. Мәселен қызыл аймаққа (жоғары тәуекел дәрежесі) 19 ЖЭО, сары (орташа тәуекел дәрежесі) 11 ЖЭО және жасыл (төмен тәуекел дәрежесі) 7 ЖЭО кірді", - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Премьер-Министрдің жауабына қосымша ұсынылған анықтамаға сәйкес, тәуекел аймағына мына қалалардағы ЖЭО-лар кіреді:

Арқалық - 1, Кентау - 1, Қызылорда - 1, Орал - 1, Степногорск - 1, Теміртау - 2, Павлодар - 1, Ақтау - 1, Шахтинск - 1, Риддер - 1, Рудный - 1, Балқаш - 1, Жезқазған - 1, Өскемен - 1, Петропавл - 1, Семей - 1, Екібастұз - 1, Тараз - 1; сары тәуекел аймағындағылар: Алматы - 2, Павлодар - 1, Ақтау - 1, Қарағанды - 2, Текелі - 1, Шымкент - 1, Қостанай - 1, Атырау - 1; жасыл тәуекел аймағындағылар Алматы - 1, Орал - 1, Павлодар - 1, Астана - 1, Ақтөбе - 1, Астана - 1.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу