АЭС салу қажет пе? Жұрттың пікірі екіге бөлінді

1274

Атом Электр Станциясының тағдыры талқыланған қоғамдық тыңдаудың алғашқы күнінде-ақ қызу пікірталастың соңы қып-қызыл дауға ұласты.

АЭС салу қажет пе? Жұрттың пікірі екіге бөлінді

Ашық талқылау барысында жұрт екіге бөлінді. Бір топ белсенді "станция тұрғызу өте қауіпті" десе, екіншілері "бұл - жарқын болашаққа бастар жол",- дейді. Ал энергетика министрлігі мен экологтар қауымы қандай ұстанымда? Сонымен, Үлкен ауылында атом электр стансасы тұрғызыла ма жоқ па?

Жиналыс басталмай жатып, қолдарына плакаттарын ұстаған қоғам белсенділері мамандардың сөзін тыңдамай қарсылық білдірді. Сөздерінше, экологияны ойлап жатқан ешкім жоқ екен. Онсыз да тартылып жатқан Балқаш көлінен түк қалмайды деп отыр. Бұл пікірмен экологтар да қосылады.

"Атом станса өте зиян. Біз бұрыннан бері айтып жүрміз. Біріншіден Балқаштың суын жылжытады. Ішіндегі барлық жәндіктер қырылады. Екіншіден су күннен күнге азайып бара жатыр. Бізге сол болу керек мәселе", - дейді эколог Мэлс Елеусізов.  

Ал, жергілікті жұрт болса, стансаның салынуын қолдайды. Өйткені, дәл осы өңір қайта гүлденіп халыққа жұмыс табылар еді деп отыр.

Үлкен ауылында қазіргі уақытта 2000 тарта адам тұрады. Ал, менің артымда тұрған мына секілді көп қабатты үйлердің басым көпшлігі бос тұр. Себебі, мұнда тек балық шаруашылығымен ғана айналысуыға болады. Сол үшін болар жұрт АЭС-тің салынуына қарсы емес. Егер станса салынса елге жұмыс табылар еді.

Физика саласындағы мамандардың сөзінше, АЭС салу тиімді. Өйткені, қазір заман дамыған. Жаңа реакторлар қолданылады екен. Оның үстіне, электр өндіретін стансалардың 70 пайыздан астамы көмермен жұмыс істейді. Олардың тозығы жеткен. Экология мәселесін желеу етіп, онда инвестиция салуға ешкім құлық танытпай отыр. Ал, көлдің тартылуы қайталанып тұратын құбылыс екен. Бірнеше жылдан кейін қайта орнынан келетініне сенімді мұндағылар.

Осылайша, қоғамдық талқылау таласқа толы болды. Бірі қарсы болса, енді бірі қолдап жатыр. Энергетика министрлігі болса, егер тұрғындардың басым көпшілігі қарсы болса, онда Алматы облысы мәслихатының шешімі өзгертіледі. Және жаңа орын қарастырылады. Барлығын осындай қоғамдық талқылаулар шешеді, деді жауапты министрлік.

Айта кету керек, қоғамдық талықаулар мұнымен бітпейді. Енді кезекте Талдықорған қаласы. Одан кейін, Тараз, Балқаш және Алматы қалаларында да ұйымдастырылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу