Ағаштан жасалған мембрана ащы суды тазартады

1278

Жоба авторларының айтуынша, ағаш мембрананың бір шаршы метрі сағатына 20 литр суды тазарта алады.

Ағаштан жасалған мембрана ащы суды тазартады

Теңіз суы тұздан тазарту үшін арнайы техникалық құрылғы немесе көп энергия керек екені белгілі. Алайда Принстон Университетінің зерттеушілері бұл мәселенің шешімін тапқан сыңайлы. Олар таза су тазартатын кеуекті ағаштан жасалған мембрананы ойлап тапты. 

Мембрана жұқа ағаштан жасалып, химиялық өңдеуден өтеді. Осылайша құрылғы су молекулаларын оңай өткізеді. Мембрананың бір жағы қыздырылғанда одан өткен су буланады. Содан кейін су буы мембранадағы тесіктер арқылы оның салқын жағына өтеді. Тұз сол жерге жиналып, бу тұщы суға айналады. Ғалымдар бұл процесс көп энергия қажет етпейді дейді.  Өйткені қарапайым тұзды суды қайнату кезінде бұдан да көп энергия жұмсалады. 

Жоба авторларының айтуынша, ағаш мембрананың бір шаршы метрі сағатына 20 литр суды тазарта алады. Бірақ бұл полимерлі мембраналарға қарағанда баяу. Өйткені ғалымдар әзірге ағаш мембрананы жұқа етіп жасайтын аппараттың жоқтығы себеп дейді. Кеуекті ағаш мембрананың қалыңдығы 500 мкм, ал полимерлі құрылғыныкі  шамамен 130 мкм. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу