АҚШ-тың "Бостандық" ескерткіші орналасқан арал уақытша жабылды

949

АҚШ-тың "Бостандық" ескерткіші орналасқан арал уақытша жабылды

АҚШ-тың Нью-йорк қаласында ұлттық тәуелсіздік мерекесі күні бір топ белсенді Дональд Трамптың миграциялық саясатына наразылық білдіріп, бір әйел "Бостандық" ескерткішіне шығып алды, деп хабарлайды 24.kz. 

Оқиға орнына жеткен полцейлер оны жерге түсіру үшін 4 сағаттай келіссөз жүргізіп, ақыр аяғы альпинистердің көмегіне жүгінуге тура келді. Ал өзге қатысушылар осы ескерткіш орналасқан "Либерти" аралында елдің иммиграциялық-кедендік қызметін жою туралы үнпарақша таратып, Трамптың көші-қон саясатына наразылық танытты. Салдарынан "Бостандық" ескерткіші тұрған аралдан 4 мыңнан астам адам эвакуацияланып, ол уақытша жабылды.

Полицейлер бірнеше адамды қамауға алды.

Айта кетейік, АҚШ-тың басты символдарының бірі болып саналатын бұл ескерткіш 1885 жылы тұрғызылған. Оны АҚШ халқына Франция сыйға тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу