banner

Ақтау-Жетібай тас жолында полиция көлігінің қатысуымен жол апаты болды

1541

Жол көлік оқиғасы Ақтау-Жетібай тас жолының 67 шақырымында тіркелді.  

Ақтау-Жетібай тас жолында полиция көлігінің қатысуымен жол апаты болды Фото: inbusiness.kz

Lexus RX маркалы автокөлік жүргізушісі патрульдік көліктің артқы жағынан соққан. Қақтығыс кезінде полицейлер өзге жол-көлік оқиғасынан зақымданған көлікті эвакуациялап, айыптұраққа апаруға шара қабылдап жатқан. "Shachman" жүк көлігі "Audi" маркалы зақымдалған автокөлікті тасымалдау үшін қажет болды.

"Lexus Rx" автокөлігінің жүргізушісі инерция салдарынан патрульдік автокөлікпен соқтығысқаннан кейін "Shachman"жүк көлігінің де артқы бөлігіне соқтығысқан.

Апат салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Медициналық куәландыру нәтижесі көрсеткендей, кінәлі жүргізуші жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде болған. 59 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал одан әрі шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу