Ақтөбеде Тәуелсіздік күніне орай "Дару жарығы" офтольмологиялық орталығы ашылды, деп хабарлайды ortcom.kz.
Ауқымды жобаның салтанатты түрде іске қосылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, басқармалар мен департаменттердің басшылары, денсаулық сақтау және медицина қауымдастығының ардагерлері қатысты.
"Енді оның қажеті жоқ. Орталықта көз ауруларына ертерек диагностика жасап, тиімді емделу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Мұнда халықаралық деңгейдегі жоғары мамандандырылған офтольмологиялық көмекті тек біздің облыстың ғана емес, Батыс Қазақстанның барлық тұрғындарының алуға мүмкіндігі бар", - деді Бердібек Сапарбаев.
Ол осы жылдың өзінде мыңнан аса ақтөбеліктің күрделі офтольмологиялық ота жасату үшін Астана, Алматы мен шетелдік емханаларға жүгінгендерін атап өтті.
Емхана директоры Ғалымжан Елеуовтың айтуынша медициналық мекеме Еуропа мен АҚШ-тың ең соңғы үлгідегі емдеу-диагностикалық құралдарымен жабдықталған, алты ота жасайтын залы бар. Стационар алпыс кереуетке шақталған, емхана күніне 500 адамды қабылдайды. Диагностика, тексеру мен хирургиялық оталар медициналық көмектің кепілдендірілген шеңберінде жүргізілмек. Жергілікті дәрігерлерден құралған мамандар шетелдің үздік емханаларынан тәжірибеден өтіп келді. Жүзеге асырылған жобаның жалпы құны 3,8 млрд теңге.