Әлеуметтік желі арқылы мектеп дәретханасына қатысты шағым жолдауға болады

891

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп дәретханаларын ғимарат ішіне енгізу жұмысы барысына түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі арқылы мектеп дәретханасына қатысты шағым жолдауға болады

Оның айтуынша, екі жыл бұрын 2 700 мектеп дәретханасы сыртта болған. Екі жыл ішінде олардың көпшілігі жойылды, қазір 50-і қалады.

"Бұл өте күрделі жұмыс, өйткені шалғай ауылдардағы ондай оқу орындарында кәріз де, сумен жабдықтау да болған жоқ. Ассенизацияны жүргізу үшін қажетті жабдықтар болған жоқ. Енді қалған 50 дәретхана мәселесін әкімдіктер толығымен шешуге жауапкершілік алды", – деді ол.

Министр ішке енгізілді деген дәретханалар да дұрыс жұмыс істемей жатқанын растайды. 

"Қазір біздің Балалар құқықтары жөніндегі комитет үкіметтік емес ұйымдармен бірге WhatsApp және Telegram-да осындай жедел желіні іске қосады, онда балалар да, олардың ата-аналары да, мұғалімдері де тиісті фотосуретті жібере алады, ал жауапты қызметтер әрекет ететін болады", – деп түйіндеді Аймағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қараша айында Таразда қылмыскер мектеп дәретханасында жетінші сынып оқушысын зорлап, екі сағаттан кейін полицейлер ұстаған болатын. Белгілі болғандай, мектеп ғимаратында тек бір дәретхана болған және көбінесе жабық тұрған. Балалар көшеге жүгіруге мәжбүр еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу