Алматы облысында "Жастар жылы" ауқымды шарамен ашылмақ

1108

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы облысында 321 жоба жүзеге асырылды.

Алматы облысында "Жастар жылы" ауқымды шарамен ашылмақ

Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында Алматы облысында жалпы сомасы 9,4 млрд теңгеден астам қаржыға 321 жоба іске асырылды, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Бұл ретте "Туған жер" жобасы шеңберінде бизнес өкілдері әлеуметтік нысандардың құрылысы мен ауқымды жобаларға белсене қатысып, бүгінгі күнге 2,5 млрд теңгеге 157 жобаны жүзеге асырды", – деп мәлімдеді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Елбасының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауына байланысты жаңа жыл 2 мың жетісулық жастың қатысуымен ауқымды шарамен ашылмақ. "Жастар жолы" жобасы шеңберінде жастардың демалуы және спортпен айналысуы үшін облыста 18 орталық құрылған. Талдықорған қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Осындай орталықтарды ашу барлық аудандар мен қалаларда қарастырылуда.

"Президенттің "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласы шеңберінде ашық аспан астында "Жетісудың жеті кереметі" атты археологиялық парктерді музейлендіру жоспарланып отыр. Сол сияқты "Жетісудың жеті өнері" ұлттық ат спорты ойындарынан жарыс, "Сиверс алмасының гүлдеуі" фестивалін өткізу межеленген", - деп атап өтті Амандық Баталов.

Сол сияқты облыста шетелдік архивтердің көне дәуірден бүгінге дейінгі материалдарымен жұмыс істеу мақсатында "Жетісу туралы араб, түрік және парсылық дереккөздер" экспедициясын ұйымдастыру облыс жоспарында бар. Бұл экспедиция Р. Сүлейменов атындағы шығыстану институтымен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп жүзеге асырылады. Әлеуметтік желілерде "Өлкетану" тақырыбында вайн-ақпарат/квесттер мен челлендждер сериясы берілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу