"Алматы-Өскемен" тас жолында тексеріс басталды

714

"Алматы-Өскемен" тас жолында құбырдың шайылу дерегі бойынша тексеріс басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматы-Өскемен" тас жолында тексеріс басталды

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметінше, аталған тас жолда диаметрі сай келмейтін құбыр салынған.

"Құқықбұзушылық фактісі анықталған жағдайда Қазақстан заңнамасына сәйкес кінәлі деп танылған адамдар жауапкершілікке тартылады. Бұл учаскенің құрылысы туралы келісім 2017 жылы жасалды. Диаметрі 1,5 метр құбырды орнату туралы техникалық шешімді Алматы қаласындағы "Каздорпроект" компаниясы және "ҚазАвтоЖол" филиалы – "Құрылыс дирекциясы", "ГК Инжиниринг" компаниясы техникалық қадағалау қызметі, CITIC Construction мердігер ұйымы бірлесіп қабылдады. Олар қабылданған жобалық шешімдер үшін тікелей жауапты", - деп жазылған хабарламада.

Алдағы уақытта тас жолда құбырдың шайылу дерегін болдырмай үшін республикалық маңызы бар жолдардағы құбырлар мен мал өткелдерінде ревизия жүргізіліп жатыр.

"Қазір учаскеде қайта қалпына-келтіру жұмыстары жалғасуда. Тәулік бойы қадағалау ұйымдастырылды, учаске әлі де жабық тұр. Бүгінде оқиға орнында 16 арнайы техника мен 20-ға жуық жұмысшы еңбек етіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, биыл 22 мамырда сағат 16.45-те "Алматы-Өскемен" тас жолында (393 және 395 шақырымдарында) құбырдың шайылу дерегі тіркелген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу