Алматыда "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында 1 тамыздан 1 қыркүйекке дейін "Almaty Sales Festival: Summer 2017" арзан баға фестивалі өтеді, бұл шараға қаланың 100 сауда орталықтары мен 15 мейманханасы қатысады, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.
Осы фестивальге қатысушылардың барлығында киім, техника, аксесуарлар арзандатылған бағамен сатылады, тауарлар ассортименті кең. Сауда орындарында тауар ктаегориясына қарай олардың бағасы 80% ға дейін төмендетілген, ал қонақүйлер қызметі 40%-ға дейін арзандаған.
Фестиваль 4 тамыз күні "Мега Алма-Ата" сауда орталығында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ресми түрде ашылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу