Осы мақсатта 25 қалдық тасмалдағыш пен 6 000-нан аса контейнер алынады. Олардың барлығы қыркүйек айына дейін орнатылады. Қалдықтарды қайта өңдеудің тереңдігі 30% дейін жетеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
2018 жылы инвесторлар экологияны жаңартуға 5 млрд теңгеден астам қаражат бөледі. Бұл туралы Әсет Исекешев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен астананы әрі қарай дамыту туралы жиында хабарлады.
Қазіргі таңда өткен жылы 30 қалдық тасымалдайтын және 2000 контейнер сатып алуға 1 млрд теңге инвестиция бөлген бизнесмен анықталды. Пластика мен қағаздарды қайтадан өңдейтін 2 цех іске қосылды.
"2018 жылы инвесторлар аталмыш саланы модернизациялауға 5 млрд теңгеден астам қаржы бөледі. Республикада алғаш рет барлық қала төңірегінде "дымқыл" және "құрғақ" фракция бойынша қалдықтарды бөлек жинау жүйесі енгізіледі. Осы мақсатта мамыр айынан 1 қыркүйекке дейін аулаларда 2 фракцияға бөлінген 6000 контейнер орнатылады. Қалдықты өңдеудің тереңдігі 30% жетеді", - деді Әсет Исекешев.
Астана әкімінің айтуынша, конкурстың қорытындысына сәйкес "ЭКСПО-2017" көрмесінде ұсынылған азық-түлік фракциясындағы қоқысты қордаландыру жолымен қалдықтарды қайта өңдеу бойынща француз технологиясы анықталған.
"Зауыттың құрылысы 3 млрд теңгеден асады. Құрылыс осы жылдың тамыз айында басталып, 2019 жылы қыркүйекте аяқталады. Бұл технология 180 мың тонна органиканы қайта өңдеуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Әсет Исекешев.
Осылайша 2019 жылы жинаудың заманауи жоғары технологиялы бірегей жүйесі қалыптасып, оны қайта өңдеу мен көмілген қалдықты 75% дейін қазып алып өңдеуге жеткізіледі.
Әсет Исекешевтің айтуынша, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР экология заңына көмір, жанар-жағармай, көлік экологизациясы және де қалдықтарды бөлек жинауды енгізу қажет. Қазір осындай ұсыныс тиісті министрліктердің қарауында жатыр.