Астана қаласында математика пәнінен 3-6 сыныптарға арналған "Зерде" халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Ертіс дарыны" өңірлік қосымша білім беру әдістемелік орталығы хабарлағанадай, "Зерде" олимпиадасына Монғол мемлекетінің өкілдері, Астана және Алматы қалалары, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облысының білім беру мекемелерінен 142 оқушы бақ сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша командалық біріншілікте дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебі екінші, "Жас дарын" мамандандырылған мектебі үшінші орындармен марапатталды. Жеке біріншілікте "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің 6-сынып оқушысы Мерей Темирзинова, дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің 4,3-сынып оқушылары Әлихан Нұрғазинов және Кәмила Амангелді бірінші орындарды жеңіп алды.