Ауғанстанның Түркіменстанмен шекаралас Багдис провинциясында Ми-17 әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Бұл апатта Ауғанстан әскери күштерінің генералы Муаюддин Ғори қаза тапты, деп хабарлайды дереккөзге сілтеме жасаған 24 Хабар.
Муаюддин Ғори Герат провинциясындағы "Зафар" әскери бөлімшесін басқарған. Әскерилердің өзі апаттың техникалық себепке байланысты құлағанын мәлімдесе де, кейбір БАҚ "Талибан" содырларының әскери тікұшақты атып түсіргенін мойнына алғаны туралы жазды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани генералдың қазасына байланысты "ауған армиясы орны толмас шығынға ұшырағанын" айтып, көңіл айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу