Ауылдың жағдайы жақсармай тұр

542

Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылында әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселе көп. 

Ауылдың жағдайы жақсармай тұр Фото: gov.kz

Тұрғындар жаздыкүні ауызсу жетіспеушілігін және жарықтың жиі сөнетінін айтады. Сондай-ақ,  ауыл қоқыс полигонына да айналып барады деп дабыл қағады. Алайда, жерглікті әкімдік мұнымен келіспейді. 

Сайын Шапағатов ауылы облыс орталығынан 25 шақырым жерде орналасқан. Мұнда 2,5мыңнан аса түтін бар. Бірінші  мәселе  жарық, жел тұрып, дауыл соқса болды өшеді де қалады. Ал жаздыкүні бар электр қуаты мүлде жетпейді. 

Тағы бір мәселе - қоқыс шығару. 10 мыңнан аса тұрғын жайланған ауылда бар-жоғы 28 учаске болса, соған 115 контейнер қойылған. Оның өзі апталап қараусыз қалады. Ол аздай мал келіп шашып тастайыны тағы бар. Ал арнайы жәшігі жоқ тұрғындар қоқысты қалаға тасуға мәжбүр. 

Тұрғындар қордаланған мәселені жыл сайын айтады. Облыс, аудан, ауыл әкімі қанша ауысса да бір шешім болған емес. Инфрақұрылым жасақталмай, жер телімдері жекенің қолына өтіп кеткен. Салдарынан көрші ауылдан келетін қуаты көзі жетпейді. Кемшілікті жою үшін күзге дейін 8 трансформатор қою жоспарланған. 

"1310 учаскеге тоқ тарту жұмыстарының жобалық-сметалық құжатына өзгерістер енгізіліп жатыр. 1310 учаскеге 4-квартал, 5-кварталдың төменгі жағы, Тұмышев көшесі бар, Шахатов, Жақауов көшелері бар, Бекенжанов пен Мейіров көшесі бар", дейді С. Шапағатов ауылдық округінің әкімі Сайран Қылыш.

Былтыр экология заңнамасындағы талаптар күшейтіліп, қоқыс жәшіктері орнатыла бастады. Қазір оның санын көбейту үшін ұсыныс берілген. 

"Ауыл тұрғындары үйден шығатын қоқысты сұрыптамайды. Құрылыс қалдықтарынан бастап, мал терісі мен навоз табылады. Біздің техникаға сай емес және оны шығару міндетімізге жатпайды. Қазір күнара, ал сәуірдің ортасынан бастап күнде қоқыс шығарылады. Күн сайын фото, видеомен есеп береміз", дейді Тұрмыстық қалдықтарды тасымалдайтын серіктестік басшысы Батыр Мұрынов. 

Әзірге контейнері жоқ көше тұрғындары арнайы Газельге тапсырыс бере алады. Ол үшін қосымша қаражат талап етілмейді. Осындай ауылда қорданалып қалған мәселенің бірсыпырасы жыл соңына дейін шешіледі - деп сендірді ауыл әкімі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу