Бас прокуратура Әбілязовтің "әртістеріне" қосылмауға шақырады

718

Бас прокуратура Әбілязовтің "әртістеріне" қосылмауға шақырады

"Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымы жариялаған бейнероликтерге түскен адамдардың жалданған актерлер екені анықталды. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

Жақында әлеуметтік желілерде Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластарының 2018 жылғы 23 маусымда митингтерге шығуға шақырған бейнероликтері тараған еді. Бас прокуратура мұндағы айтылғандарды жоққа шығарады.

"Шетелде қазақстандық сот төрелігінен жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Джардемали және басқа адамдар Әбілязовқа "ДВК-ның" идеяларын үгіттеуге көмек беріп жүр. Олардың іс жүзіндегі мақсаты – қылмыстық қудалауды саясаттандырып, Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықтан жалтару.  Жарияланған бейнероликтерді түсіру үшін Әбілязовтың ақшасына Киев қаласында жарнамалық агенттік және азияттық келбеті бар кәсіби актерлар мен модельдер жалға алынған. Негізінде олар Қазақстан Республикасының азаматтары емес", - дейді ведомстводан.

Бас прокуратураның түсіндіруінше, бейнероликтердің мазмұны шындыққа жанаспайды және қазақстандық қоғамда әлеуметтік алауыздық пен араздықты тудыруға бағытталған.

12 маусымында "Ютуб" каналында "Мұғалімдер Әбілязовтың митингісіне шығады" деген бейнероликте "қазақстандық жас мұғалім" рөлін Киев қаласында таңдалған актриса ойнаған екен. 

"Ютубтың" басқа бейнематериалында, Қазақстанда жұмыс істейді деген және халықты  23 маусымда митингке шығуға шакырған жас жігіт - Әбілязовтың туған жиені Айдар Амангельдиев болып табылады. Ол Қазақстаннан 2009 жылы көшіп кеткен. Қазіргі уақытта ол Шотландияның қымбат университеттерінің бірі - "Глазгоу Каледонианың" студенті. Бұл университетте жыл сайынғы оқып тұру төлемақысы 20 мың стерлинг фунтты немесе 9 млн теңгені құрайды", - деп ақпарат береді бас прокуратурадан.

Еске сала кетсек, сот шешімімен 2018 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында "ДВК-ның" іс-әрекетіне тыйым салынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу