Бір айда тауға шыққан 10 турист адасып кетті

1292

ТЖМ азаматтардың тауға шығып жоғалып кету жағдайларын  азайту мақсатында экология , геология және табаиғи ресурстар, сондай-ақ мәдениет және спорт министрлігі, бұдан бөлек Қазақ туризм ҰК бірқатар ұсыныстар  жасады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Бір айда тауға шыққан 10 турист адасып кетті

Атап айтқанда таулы аймақтарда тікұшақ алаңдарын, ұялы байланыс антенналарын және адамдардың жоғалып кеткенде барып қоныстанатын үйлерді орнату мәселесі айтылды. Бұдан бөлек төтеншеліктер тау маршруттарының неғұрлым танымал және қауіпті учаскелерін патрульдеу, таулы жерлерде туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру керектігін ескертті. Бұл ұсыныстардың барлығын тиісті ведомство өкілдері қаперге алды деген үміттеміз, экологиялық туризм әлдеқайда қауіпсіз бола түседі деп сенеміз.

Түркістан облысында соңғы бір айдың өзінде тауға шыққан 10 турист адасып кетті. Оның екеуі көз жұмып, алтауы аман табылды. Ал, қалған екі азаматтан әлі күнге хабар жоқ. Іздестіріліп жатыр. Демалушылардың дені тау шыңын өз беттерінше бағындырғысы келген. Бірақ, соңы өкінішті жағдаймен аяқталды. Түркістан облысы туризм басқармасының мамандары болса "оқыс оқиғаларға туристердің өздері кінәлі" - дейді. Себебі тауға шыққандардың көбі арнайы мамандардың көмегіне жүгінбейді. Адасқан туристпен тілдесіп, мамандар пікірін тыңдаған Мақсұт Жарылқасын толығырақ тарқатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу