Биыл теңге бағамы тұрақты болады

892

КАSЕ маманы ұлттық валюта бағамына қатысты осындай болжам жасады  

Биыл теңге бағамы тұрақты болады

Доллар 410 теңгеге дейін қымбаттайды деуге негіз жоқ. Биыл теңге бағамы тұрақты болады. Қазақстан қор биржасы төрайымының орынбасары Андрей Цалюк осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды astanatv.kz.

Көктем уақытында доллар бағамы керісінше арзандауы мүмкін. Бағам АҚШ пен Ресей арасындағы экономикалық қатынастарға тікелей байланысты болмақ. Сауда соғысына жол берген Америка мен Қытай қазір келісімге келе бастады. Сондай-ақ, АҚШ федералды резерв жүйесі дамушы елдердің нарығына байланысты мөлшерлемелерін өзгертпек. Бұл теңге бағамының тұрақты болуына әсер етпек.  

"Қазіргі жағдайға қарап доллар өсіп барады деп айтуға болмайды. Бізде рекордты көрсеткіш 1 доллар үшін 384 теңге болып отыр. Бүгінгі таңда ол бұл межеден төмен. Мен белгілі сарапшылардан сұрап білдім. Соңғы үш айдағы жағдайды да саралап көрдім. Осы уәждерге сүйенер болсам, доллар 407-410 теңгеге дейін аспандайды деуге ешқандай негіз жоқ", – дейді Андрей Цалюк ­.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу