БҰҰ дамушы елдерді пандемиямен күреске көбірек қаражат бөлуге шақырды

1289

Ұйымның пікірінше, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы дамушы елдер денсаулық саласына бөлінетін бір жылдық қаражатты 880 миллион долларға өсіруге тиіс. 

БҰҰ дамушы елдерді пандемиямен күреске көбірек қаражат бөлуге шақырды

Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус пандемиясының Азия-Тынық мұхиты аймағына тигізер экономикалық және әлеуметтік залалы орасан. БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхиты аймағына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының шолуында осылай деп жазылған. Уақыт өте келе індеттің салдары біз ойлағаннан да жойқын болуы мүмкін деген пікірде ұйым өкілдері. 

Бүгінгі таңда пандемия көптеген елдердің денсаулық сақтау салаларына ауыртпалық түсіруде. Бірқатар мемлекет экономикалық шаралар қабылдап жатыр. Бірақ БҰҰ бұның жеткіліксіз екенін айтты. Ұйым комиссиясының есебінше, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы дамушы елдер денсаулық сақтау саласына бөлінетін бір жылдық қаражат көлемін 880 млн долларға көтеруі тиіс. Сонымен қатар баяндамада аймақтағы елдердің қазіргі пандемия сияқты төтенше жағдайларға арналған қор құруы керектігі жазылған. 

Комиссия жариялаған шолуда "Пандемиядан кейін саясаткерлер аймақтың экономикасын тұрақтандыру мақсатында макроэкономикалық шаралар қабылдауы керек. Бюджеттік-салықтық және несие-қаржылық саясат індеттен зардап шеккен кәсіпорындарға, үй шаруашылығына бағытталуы тиіс. Осы пандемиядан кейін мемлекеттер экономикалық даму стратегияларын қайта қарастырып, инклюзивті, тұрақты және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін экономика құруға талпыну керек" деген үндеулер бар. 

"Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолу" - БҰҰ-ның аймақтағы прогресс туралы жазылатын құжаты. Ол 1947 жылдан бері жарияланып келеді.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу