ChatGPT-дің қазақша нұсқасы қашан іске қосылады?

256

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ChatGPT-дің қазақша нұсқасы қашан әзірленетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ChatGPT-дің қазақша нұсқасы қашан іске қосылады? Фото: Hindustan Times

Министр жасанды инттеллектке негізделген жүйеде қазақ тіліндегі аудармалардың сапалы болуына мән берілетінін алға тартты.

"Біз мәтіндерді және мамандандырылған құралдар арқылы сапалы аудармаларды жинай отырып, қазақ тілінің корпусын құрамыз. Бұл деректер біріктіріліп, біздің машиналарымыздың есептеу қуатындағы модельді жаттықтыру үшін қолданылады", – деді Жаслан Мәдиев Astana Hub брифингінде.

Өнімді әзірлеумен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, Назарбаев Университеті және нарық сарапшылары айналысып жатыр. Министр бұл модельдің желтоқсан айында іске қосылатынын жеткізді.

"Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарымыз ChatGPT-ді пайдаланып, сол жерге түрлі ақпаратты жүктеп жүр. Бұл модельде біздің мәдениетіміздің ерекшелігі көрсетіліп, аударманың дұрыс болғанын қалаймыз", – деп қосты ол. 

Өнімді барлық стартаптар мен IT-компаниялар пайдаланып, қазақстандық нейрожеліні өз өнімдеріне енгізе алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу