ЕАЭО елдерінде зейнетақымен қамтамасыз ету шарты 2017 жылы күшіне енеді

1005

ЕАЭО елдерінде зейнетақымен қамтамасыз ету шарты 2017 жылы күшіне енеді

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше (ЕАЭО) мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жобасын әзірлеу аяқталып қалды. Бұл туралы сейсенбі күні Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".

"Таяуда ол қол қою үшін қажетті мемлекеттік ішкі шараларды жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жолданады. Шарт 2017 жылы күшіне енеді", – делінген  баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, шарт ЕАЭО-да жұмыс күшінің еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Құжаттың жобасы бойынша, зейнетақының жинақталған бөлігі толық көлемде экспортталып, ал зейнетақының базалық бөлігін өзі тұратын мемлекет төлейтін болады. Шарт қабылданғанға дейін жинақталған өтіл үшін зейнетақы Одаққа мүше елдердің заңнамасы мен халықаралық шарттарға сәйкес тағайындалып, төленсе, ал  шарт күшіне енген соң  жинақталған өтіл үшін  зейнетақыны сол өтіл жинақталған ЕАЭО мүше мемлекет тағайындап, төлейді.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу