ЭКСПО қарсаңында "Бәйтерек" монументіне жөндеу жүріп жатыр

920

ЭКСПО қарсаңында "Бәйтерек" монументіне жөндеу жүріп жатыр

"Астана-Бәйтерек" монументін күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айына дейін жалғасады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Бұған дейін елордада өткен баспасөз мәслиxаттарының бірінде әкімнің орынбасары Андрей Лукин монументтің күрделі жөндеу жұмыстарына 150 миллион теңгенің бөлінгені жайында айтқан болатын.

"Бұл ақша арнайы шыныларды сатып алуға жұмсалады. Жобалық-сметалық құжаттарды рәсімдегеннен кейін жалпы сомма тағы 250-280 миллион теңгеге ұлғаяды", – деді әкім орынбасары.

Оның айтуынша, "шыныларын ауыстырумен қатар монументтің ішкі интерьері де өзгереді. ЭКСПО көрмесіне орай оны толығымен жаңартып шығу жоспарланған. Мамырдың 15-іне дейін күрделі жұмыстардың барлығы аяқталуы тиіс. Қазіргі кезде монументтің ішін толығымен босатты. Сыртындағы мәрмар тастардың барлығын алып тастап жатыр. Алайда күзетшілер бізді ішке кіргізбеді. Себебі құрылысқа жауапты басшылар болмай қалды. Монументті күрделі жөндеу жұмыстарын "Базис-А" компаниясы атқарып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу