Елімізде мал ұрлығының 56,6% еркін жайылымда жасалады

659

Өткен аптада ІІМ кезекті "Мал ұрлығы" жедел алдын алу шарасын ұйымдастырды. 

Елімізде мал ұрлығының 56,6% еркін жайылымда жасалады Фото: zhaikpress.kz

Нәтижесінде 222 мал ұрлығы ашылып, 175 адам, оның ішінде 26 топ ұсталды. 977 бас мал заңды иелеріне қайтарылды. Бұл туралы ІІМ өткен брифингте Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, көбінесе еркін жайылымда жүрген мал басы жиі ұрланады, пайызға шаққанда 56,6% ұрлық еркін жайылымда жасалады. Осыған орай, Ішкі істер министрлігі шаруаларға өз малдарын ұры-қарыдан қорғау мақсатында қарапайым қауіпсіздік нормаларын сақтауды ұсынады.

"Иесі" - "әкімдік" - "бақташы" арасында үшжақты шарттар жасасу арқылы малды қараусыз қалдырмау; GPS-трекерлерді орнату арқылы асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін кеңінен қолдану; мал басын міндетті түрде таңбалау және ен салу, бұл ұрланған және жоғалған малды іздеуге, сондай-ақ табыншылар арасындағы дауларды шешуге оң әсер етеді", - дейді Құдияр Нұрсейітов.

Жалпы, ІІМ Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, 2020 жылғы сәуірде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөнінде қағидалар әзірлеген. Осы қағидаға сәйкес ауыл шаруашылық малдарын бақылаусыз жаюға тыйым салынады.

"Ішкі істер министрлігі өз тарапынан құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді, сонымен қатар мал ұрлығына қарсы, алға қойған міндеттерді орындауды әрі қарай жалғастыратын болады", - дейді Құдияр Нұрсейітов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу