Елімізде жеңіл көліктер ескіріп жатыр

1168

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы автопарктің орташа жасы - 20,7.

Елімізде жеңіл көліктер ескіріп жатыр

Қазақстандағы жеңіл автомобильдің орташа жасы 19,7-ден 19,9-ға артқан. Бұл жеңіл автомобиль паркінде ескірген техниканың басым екенін көрсетеді, деп хабарлайды "ҚазАвтоӨндіріс" автомобиль саласы кәсіпорындары одағының баспасөз қызметі.

"ҚазАвтоӨндіріс" 2021 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша көлік құралдары паркінің құрылымы туралы ақпаратты жариялады.

Әкімшілік полиция органдарының мәліметінше, Қазақстанда барлық үлгідегі 4 миллион 520 мың көлік есепте тұр. Жеңіл және жеңіл коммерциялық автомобильдің үлесі - 3 миллион 758 мың бірлік техника немесе 83,2%. 

Кейін тізімде жүк техникасы ( 423,1 мың бірлік, 9,4%), тіркеме мен жартылай тіркеме ( 214,3 мың бірлік, 4,7% ), автобус ( 67,9 мың бірлік, 1,5% ) және мототехника (55,9 мың бірлік, 1,2% ) тұр.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның көлік паркі 4,47 миллион  бірліктен 4,52 миллион бірлікке (+1,1%) өскен.

Жеңіл және жеңіл коммерциялық автомобиль саны 1,3%-ға артып, автобус паркі 7,1%-ға, мототехника паркі 0,7%-ға қысқарды.

Тіркемелер мен жартылай тіркемелер саны 3,3%-ға артты, ал жүк техникасы паркі бұрынғы деңгейде қалды. 

Көлік құралы паркінің орташа жасы 20,5-тен 20,7-ге өсті. Бұл үрдіс көлік құралының барлық түріне қатысты.

2021 жылдың 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес, жеңіл автомобильдің орташа жасы 19,7-ден 19,9-ға, жүк көлігі – 24,4-тен 24,8-ге, тіркеме –23,9-дан 24,3-ке, автобус – 18,2-ден 18,3-ке, мототехника – 30,1-ден 30,2-ге дейін өсті. Бұл дерек жеңіл автомобильдер паркінде ескірген техниканың басым екенін көрсетеді.

Мәселен автопарктің жартысына жуығының қолданыста болғанына 20 жылдан асқан (1,88 миллион бірлік, 49,9%): 11-ден 20 жылға дейін –  801,3 мың бірлік (21,3%), 8-ден 10 жылға дейін – 447,2 мың бірлік (11,9%), 6-дан 7 жылға дейін – 312,3 мың бірлік (8,3%), 3-тен 5 жасқа дейін – 154,7 мың бірлік (4,1%), 0-ден 2 жасқа дейін – 166,9 мың бірлік (4,4%).

Қазақстандық жүргізушілер арасындағы ең танымал көлік – LADA. Брендтің автопарктегі үлесі – 19,1% немесе 716,6 мың автомобиль.

Кейін тізімде "Toyota" (автопарктегі үлесі - 13,8%, 518,8 мың бірлік), "Volkswagen" (7,7%, 290,5 мың бірлік), "Audi" (5,7%, 214,9 мың бірлік), "Mercedes-Benz" (4,9%, 186,0 мың бірлік), "GAZ" (4,2%, 157,0 мың бірлік), "Mitsubishi" (4,1%, 152,7 мың бірлік), "Nissan" (4,0%, 151,8 мың бірлік), "Hyundai" (3,9%, 148,2 мың бірлік) және "Москвич" (3,0%, 110,9 мың бірлік) маркалары тұр.

Барлық үлгідегі көліктің ең ірі паркі - Алматыда (725,3 мың бірлік, 16,0%), Түркістан облысында (438,3 мың бірлік, 9,7%), Алматы облысында (421,6 мың бірлік, 9,3%), Нұрсұлтанда (358,1 мың бірлік, 7,9%) және Шығыс Қазақстан облысында (353,3 мың бірлік; 7,8%). 

2021 жылдың 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес Қазақстандағы автомобильдендіру деңгейі республиканың 1 000 тұрғынына шаққанда 199 жеңіл автомобиль болды.

Өткен жылдары бұл көрсеткіш (1 қаңтардағы мәліметке сәйкес) 2017 – 211 бірлік, 2018 – 207 бірлік, 2019 – 202 бірлік, 2020 – 199 бірлік болған.

Жеңіл автомобиль ағынының жоғары тығыздығы – Алматыда 332 бірлік, Нұр-Сұлтанда 270 бірлік, Солтүстік Қазақстан облысында 235 бірлік, Ақмола облысында 217 бірлік, Шығыс Қазақстан облысында 211 бірлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу