Энергия өндірушілердің қарызы алдағы жылыту маусымында отын жеткізуге кедергі келтіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев энергия өндірушілердің "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ алдындағы 4 467 млн теңге қарызы барын айтты.
"МАЭК-Қазатомпром" ЖШС қарызы - 3 456 млн теңге, Орал қаласындағы "Жайықтеплоэнерго" АҚ қарызы - 319 млн теңге, "Алматытеплокоммунэнерго" ЖШС - 205 млн теңге, "Батыс Пауэр" ЖШС - 260 млн теңге, "Уральская ГТЭС" ЖШС - 141 млн теңге, "Ақтөбе ТЭЦ" АҚ - 86 млн теңге", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің хабарлауынша, "Севказэнерго" АҚ отын жеткізілімі үшін "Богатырь көмір" ЖШС алдындағы қарызы 101 млн теңгені құраған, бұл алдағы жылыту маусымына қажетті отынның жеткізілуіне күмән тудырады.