Ерейментау ауданындағы мал бордақылау кешені ет өнімдерін Астанаға жөнелте бастады

1188

Ерейментау ауданындағы мал бордақылау кешені ет өнімдерін Астанаға жөнелте бастады

Ақмола облысының Ерейментау ауданында жаңадан ашылған мал бордақылау алаңына қарасты ет өнімдерін даярлау кешені өнімнің алғашқы легін астаналық базарға жеткізе бастады,деп жазады 24 Хабар

Кәсіпорынның ендігі жоспарында көршілес Қытай нарығына ет экспорттау бар.

Айта кетейік, Астана іргесіндегі  Ерейментау ауданында 3000 басқа арналған бордақылау алаңы және жылына 5000 тонна ет және ет өнімдерін шығаратын кешен құрудың екінші кезеңі іске асырылды. Құны 1,5 млрд теңге болатын жобаны "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржылай қолдауымен "Жаңа-Береке" шаруа қожалығы іске асырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу