Халық банкі бизнесмен Кеңес Рақышевпен бірге "Қазкоммерцбанктің" 86 пайыз жай акциясын иемдену туралы келісімге қол қойды. Құнды қағазды сатып алу бағасы 1 теңгені құрайды. Дәл сондай қаражатқа "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Казкомға тиесілі құнды қағаздың 10,72 пайызын иемденбек. Айта кетейік, келісім 2017 жылдың 3-ші тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Мәміле өз мәресіне жеткеннен кейін, Halyk Group еліміздегі қаржылық сектордың көшбасшысы болуға мүмкіндігі бар. Ал, Үміт Шаяхметованың айтуынша жасалған келісімнің арқасында Халық банкі елімізден тыс аумақта да маңыздылыққа ие болмақ.
Үміт Шаяхметова "Қазақстан Халық Банкі" АҚ басқарма төрайымы:
"Жасалған келісім барлық қазақстандық қаржы секторлары үшін маңызды. Бұл еліміздегі банк жүйесін тазартып және оңалтуға сеп болмақ. Сондай-ақ, Қазақстандағы өзге банктермен бәсекеге түсіп қана қоймай, елімізден тысқары жерлерде өзінің маңыздылығын көрсете алатын ірі қаржы тобын құруға мүмкіндігі бар"