"Қазақ аруы – 2019" байқауының жеңімпазы анықталды

2184

 Павлодар облысынан келген Сәния Темерханова жеңімпаз атанды.

"Қазақ аруы – 2019" байқауының жеңімпазы анықталды

Еліміздің ең сұлу қызы деген атақ үшін Қазақстанның барлық өңірінен 18 үміткер қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Кеше Наурыз мейрамы қарсаңында Бейбітшілік және Келісім сарайында "Қазақ аруы – 2019" ұлттық сұлулық байқауының финалы өтті. Осы жылы байқау тоғызыншы рет ұйымдастырылып жатыр.

"Бұл – талаптары жоғары әлемдегі жалғыз байқау. Біз осындай талаптарды бірінші жылдан бастап қойдық. "Қазақ аруы" тек қана сұлу болып қоймай, сонымен қатар талантты, жарқын, мінезді қыз болуы қажет. Барлық дәстүрді, тарихты және тілді білуі керек. "Қазақ аруы" болу барлық әлемдік сұлулық байқауларының ішіндегі ең қиыны шығар",  – деді байқаудың ұйымдастырушысы Баян Алагөзова.

Тәж үшін үміткерлер өнер көрсету, интеллектуалды жарыс және қазақстандық дизайнерлердің киімдерімен дефиле жасау сияқты үш кезеңде сайысқа түсті. Үздіктердің үздігін қазақстандық шоу-бизнес өкілдері Ерік Жолжақсынов, Баян Алагөзова, Қарақат Әбілдина, Динара Сатжан, Айгүл Мүкей, "Қазақ аруы-2018"  Гран-при иегері Набира Рахымжан таңдады. Қазылар алқасының төрайымы – парламент сенатының депутаты Бірғаным Айтымова.

Қорытындыларға сәйкес Павлодар облысынан келген Сәния Темерханова жеңімпаз атанды. Бірінші орынды қарағандылық Айханым Орынбекова, екінші орынды астаналық Анна Вайдурова, үшінші орынды павлодарлық Сая Тұрсынбекова иеленді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу