Қазақстанда саудагердің беделі неге төмен

1141

 Бұның себебін ҰКП сауда департаментінің директоры Дінмұхамед Абсаттаров айтты.

Қазақстанда саудагердің беделі неге төмен

Қазір сатушы бір өзі кассир де, кеңесші-консультант та, дистрибьютор да болуы керек. Бұл туралы сарапшы Ұлттық палата жүргізген сауда базарларын паспорттаудың қорытындысы туралы жиында айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Дамыған елдерде сауда ұйымдарының қызметкерлері өзі сататын өнім туралы егжей-тегжейлі білетін, "білікті маман-кеңесші" ретінде құрметтеледі. Себебі, олар сатып алушыларға өнім туралы толыққанды кеңес-консультациялық қызметтер көрсетеді.

"Тәуелсіз сарапшылар анықтағанындай, қазіргі кезде саудадағы әрлі-берлі ауыса беретін кадрлардың тұрақсыз қозғалысы 80%-ға жетеді. Бұған олардың біліктілігінің төмендігі, жалақының аздығы, жұмысқа деген ынталандырулардың болмауы, сауда қызметкері кәсібінің беделінің жоқтығы себепкер. Қазақстанда тек ауыл-аймақта ғана емес, тіпті ірі қалалық агломерацияларда да білікті мамандардың тапшылығы байқалуда", – дейді ҰКП сауда департаментінің директоры Дінмұхамед Абсаттаров.

Елімізде саудагерлік – негізінен, өзге мамандықтарда жолы болмағандардың, немесе біліктілігі жетпегендердің нәпақа айыратын орнына айналып кеткен.

Ал колледждерде әлі күнге бұл салада студенттерді кеңес кезінен қалған "товаровед" немесе "менеджер-сатушы" мамандықтары бойынша даярлайды.

"Бұл ретте нарықтық экономикада сатушы ұғымы қасаң қалыпқа сыймайтынын олар ескермейді. Қазір сатушы бір өзі кассир де, кеңесші-консультант та, дистрибьютор да болуы керек", – дейді кәсіпкерлер палатасының сауда департаментінің басшысы.

Бүгінде сауда секторында 1 миллион 300 мыңнан астам қазақстандық еңбек етіп жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу