Қазақстанда жыл сайын 34 мың адам қатерлі ісікке шалдығады

1089

Қазақстанда жыл сайын 34 мың адам қатерлі ісікке шалдығады

Елімізде жыл сайын 34 мың адам қатерлі ісікке шалдығады. Бүгінде есепте тұрған науқастардың саны 150 мыңнан асты. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан онкологтар мен радиологтардың ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды, деп хабарлайды 24 Хабар.

Осы жағдайға алаңдаған 100-ге тарта сала мамандары шетелдік әріптестерімен бірлесіп, емдеудің заманауи әдістерін талқылады. Онкологтар болжам бойынша, 2020 жылға қарай әлемде обыр дертіне шалдыққандардың саны 15 миллионға жетеді деп дабыл қағуда. Дәрігерлер аурудың алдын-алу үшін тұрғындар, скринингтік тексерістерден өтіп тұруы қажет дейді қалалық онкологиялық орталықтың бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев.

"Елімізде онкология саласының бағдарламасы іске асты. Қазір Денсаулық бағдарламасының аясында тағы да осы онкология саласына үлкен көңіл бөлініп жатыр. Бізде онкология тегін көрсетіледі. Ота болсын, қымбат дәрілер болсын соның барлығы дүниежүзінде бірде бір мемлекетте ондай жоқ", –  бас дәрігер.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу