Қазақстандағы 34 кәсіпорын 910 млн теңге көлемінде жалақы төлемеген

398

Жалпы биыл 940 кәсіпорнында 6,3 млрд теңгеден астам сомаға 24 мың қызметкер алдында жалақы бойынша берешегі бары анықталды.

Қазақстандағы 34 кәсіпорын 910 млн теңге көлемінде жалақы төлемеген Фото: inbusiness.kz

Оның ішінде 22 мыңнан астам қызметкерлердің құқықтары қорғалып, оларға 5,4 млрд теңге төленді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Министрліктің жанынан 2021 жылдан бастап ахуалдық орталық жұмыс істейді. Оның шеңберінде ел кәсіпорындарындағы ахуалға күнделікті мониторинг жүргізіледі, БАҚ жариялаған ақпаратты негізге алады. Осы жылдың 1 қаңтарына республика бойынша мониторинг жүргізілетін тізімде 109 кәсіпорын болған, биыл еңбек жанжалдары болған қосымша 149 кәсіпорын сол тізімге енгізілді. Бүгінгі таңда 60 кәсіпорын бақылауда, олар бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдап жатыр. Осы жылы 15 кәсіпорында ереуілдер болды, жұмыс 3 сағаттан астам уақытқа тоқтатылды. Қазіргі уақытта барлық митиңгілер тоқтатылды. Мекемелер өз қалпында жұмыс істеп жатыр", — деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов. 

Қызметкерлердің негізгі талаптары — жалақыны көтеру, "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның еншілес ұйымдарының штатын ауыстыру, сыйақыларды төлеу, еңбек жағдайларын жақсарту, жалақыны индекстеу, қызметкерлерді жұмыстан шығарумен күресу және т.б. 

Салалық бөліністе жанжалдардың негізгі үлесі мұнай-газ, тау-кен және коммуналдық салаларға тиесілі. Сондай-ақ наразылықтардың туындауының себептерінің бірі — сервистік компаниялар келісімшарттарының қысқа мерзімділігіне байланысты еңбек жағдайларын жақсартуға мүдделілігі болды. Осыған байланысты қызметкерлер ұзақ мерзімді келісімшарт жасауды талап етеді. 

"Айта кету керек, барлық ереуілдер ҚР Еңбек кодексіндегі қазметкерлерлің талаптарын ұсыну рәсімдеріне сақтамай, стихиялық түрде өтті. Осыған байланысты 5 соттық шешіммен ереуілдер заңсыз деп танылды. Осы жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 940 кәсіпорнында 6,3 млрд теңгеден астам сомаға 24 мың қызметкер алдында жалақы бойынша берешегі бары анықталды. 20 қарашадағы жағдай бойынша берешек 34 кәсіпорында 1,9 мыңнан астам қызметкерлерге алдында 910 млн теңгені құрап отыр. Жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 22 мыңнан астам қызметкерлердің құқықтары қорғалды, оларға 5,4 млрд теңге төленді. Еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге 1224 ұйғарым беріп, 170 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", — деді спикер. 

Сонымен қатар, комитет төрағасының айтуынша, жалақыны арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде еліміздің ірі және орта кәсіпорындарының 11 мыңнан астам жұмыс берушілері осы жылы 5 тен 50%-ға дейін мөлшерде 2,9 млн жұмыскерлердің жалақысын көтерді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу