Қорғаныс министрлігі сотталғандарға жиһазға тапсырыс берді

963

Қарағанды облысының екі түзету мекемесінде "Оңалту абақтысы" жобасы қолға алынды.

Қорғаныс министрлігі сотталғандарға жиһазға тапсырыс берді

Қарағандыда сотталғандар темір тордың ар жағында отырып, жаңа үйлердің сыртқы есіктерін құрастырады, деп хабарлайды astanatv.kz.

Олар әскери бөлімдерді жаңа жиһаздармен де қамтып отыр. Қорғаныс министрлігі жазасын өтеушілерге 43 млн теңгеге тапсырыс берген. 

"Оңалту абақтысы" жобасы Қарағанды облысының екі түзету мекемесінде қолға алынған. Жаңа бағдарлама аяғын шалыс басқан азаматтарды түрмеден шыққан соң қоғамға бейімдеуді көздейді. Сауатсыздарға хат танытады, кейін орта мамандыққа үйрететін 3 айлық курстарды оқытады.

"Кәсіптік білім алуға сотталғандардың ынтасы жақсы, өйткені олар бостандыққа шыққанда мамандығы болғанын қалайды. Қазіргі таңда мекемеде жеке кәсіпкерліктер ашылуда. Соған байланысты жиһаз құрастырушы, электросварщиктер керек. Сол мамандықтарға оқытып, оларды жұмысқа орналастырамыз", – дейді АК159/18 Түзету мекемесі сотталғандар еңбегін ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы Жанэтта Қалмұратова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу