Лукашенко тауар айналымының төмендеуі ЕАЭО-дағы ықпалдастыққа қауіп төндіретінін айтты

941

Лукашенко тауар айналымының төмендеуі ЕАЭО-дағы ықпалдастыққа қауіп төндіретінін айтты

ЕАЭО мүше елдер арасында тауар айналымы одан әрі құлдырай беретін болса одақта ықпалдастықтың кері кету үдерісі басталады, деп мәлім етті Беларусь президенті Александр Лукашенко. Бұл туралы "Интерфакс" жазып отыр.

"Еуразиялық экономикалық одақта тауар айналымының 30-40 пайызға төмендеуі – мәселенің қордаланып қалғандығын білдіреді, ол жайлы президенттердің барлығы айтып отыр. Таяу уақытта осы жағдайдан шығудың дұрыс жоспарын құрмасақ, дезинтеграция бастала ма деп қорқамын, ал оған қалай болғанда да жол бермеу қажет", – деді Лукашенко бейсенбі күні Минскіде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз жиынында. Оның айтуынша, ЕАЭО-ның жаңа мүшесі Қырғызстан одан еш пайда көрмеген.

"Мен жақсы түсінемін және қолдаймын. Оларды одаққа қабылдаған екенбіз, ендеше оларға тең құқық беруіміз керек. Олар біресе Қазақстанға сиыр етін өткізе алмаса, біресе малдарын тасымалдай алмай отыр. Менде, егер мәселе туындайтынын білсек, оларды неге қабылдадық деген сұрақ туындайды", – деді президент.

Ол сондай-ақ ЕАЭО алғашқы мүшелері Беларусь, Ресей мен Қазақстанда да одақтың жұмыс істеуіне әсер ететін мәселе жетерлік екенін тілге тиек етті.

"Ең алдымен ішкі мәселелерді шешу қажет", – деп атап өтті ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу