Облыста "7-20-25"бағдарламасының шеңберінде 22 жеке құрылыс компаниясы 2300 пәтерлік 15 тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізуде, деп хабарлайды ortcom.kz.
"Ішкі өңірлік өнім өткен жылмен салыстырғанда 98,6%-тен 103,4%-ке дейін өсті, өнеркәсіп өнімінің көлемі - 101,1%-ды құрады, бұл республикада өндірілген өнімнің 11%-ын құрайды. Өңірде өнеркәсіп саласының тұрақты өсу деңгейі сақталып, индустриализация картасы іске қосылғаннан бері аталған сектордың жалпы өндірістегі үлесі 4% -дан 8% -ға дейін өсті. Есепті кезеңде өндіру көлемі 111,4%-ті, дәлірек, 195 млрд теңгені құрады", - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Айта кетсек, 2017 жылы облыста мұнай компаниялары 1,7 трлн теңгеге жүргізілген сатып алулардың 30%-тін немесе 500 млрд теңгенің тауарларын сырттан сатып алды. Осы бағытта бірінші "пилот" – "Өзенмұнайгаз" компаниясы үшін ресей өндірушілерімен бірлескен мұнай насостарын шығару жобасы. Цех "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында салынады, ал құрылысқа тартылатын инвестиция көлемі 500 млн теңгені құрап отыр.
"Жалпы, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылы 81,7% -дан 107,2% -ға, 417 млрд теңгеге дейін өсті. Жалпы облыстың инвестиция портфелінде жалпы құны 266 млрд теңге болатын 81 жоба жүзеге асырылуда", - деп атап өтті облыс әкімі.
Ал облыста 945 мың шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді, өсім 139,7%. Жылдың соңына дейін 1 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылады.
Қазіргі уақытта "7-20-25"бағдарламасының шеңберінде облыс орталығында 22 жеке құрылыс компаниялары 2300 пәтерлік 15 тұрғын үй кешенінің құрылыстарын жүргізуде. Екінші деңгейлі банктер 371 өтінімді қарап, 1,9 млрд. теңгеге 235 несиені мақұлдады. Жыл соңына дейін "7-20-25" бағдарламасы бойынша 500 пәтер тапсырылады деп күтілуде.