Дегенмен Сауд Арабиясы, Иордания, Мысыр мен Түркия Дублин, Мадрид пен Ослоның мәлімдемесін құптап отыр, тіпті, кейбірі өзге елдерді де Палестинаны мойындауға күштемек, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сауд Арабиясы — Палестина тәуелсіздігінің негізгі жақтаушысы
Исламның ең қасиетті жерлері орналасқан Парсы шығанағы патшалығы өзін бұрыннан әлемдік саяси аренада Палестина қорғаушысы ретінде көрсетіп келеді және Израильді мемлекет ретінде ешқашан мойындамаған. Сондықтан жағымды жаңалықты ести сала, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі өзінің "Х" аккаунтында біріншілер қатарында Патшалық атынан ризашылықтарын білдірді.
"Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы Корольдігі бауырлас Палестина мемлекетін Норвегия Корольдігі, Испания Корольдігі және Ирландия Республикасының мойындауын қолдау, ризашылығын білдіреді", - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Израильді ресми қолдамағанымен Сауд Арабиясының іс жүзінде билеушісі, мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салман қыркүйек айында қауіпсіздік туралы келісімді қолдады және Америка Құрама Штаттары ұсынған шешімдерге құлақ түріп, екіжақты оңтайлы келісімді іздеуде АҚШ делдалдығының қажеттілігін мойындады.
Иордания: Палестина мемлекет болмай, тыныштық орнамайды
Иордания Дублин, Осло және Мадридтің үйлесімді әрекетін "Палестина мемлекеттілігіне маңызды және айтарлықтай қадам" ретінде қолдау білдірді.
"Біз достас еуропалық елдердің бүгін Палестина мемлекетін мойындау туралы шешім қабылдауын құптаймыз. Біз бұл шешімді бағалаймыз және оны 1967 жылдың шілдесіндегі шекара бойымен тәуелсіз, егемен Палестина мемлекетін қамтитын екі мемлекет құру туралы шешімнің маңызды қадамы деп санаймыз", - деді Иорданияның Сыртқы істер министрі Айман Сафади Амманда өткен баспасөз мәслихатында.
Иордания — Иерусалимдегі мұсылман храмдарының қамқоршысы. Сафади бұл шешімдер әлемнің және аймақтың барлық елдерін: Палестина мен Израильді қауіпсіздік пен тұрақтылықтың жалғыз кепілі бола алатын, әділ әрі жан-жақты бейбітшілікке апаратын кең қозғалыстың бастамасы болады деп үміттенді".
Ол "Палестина мемлекетін мойындау — Израильдің екі мемлекет жайында ойына қарсылығын ғана емес, жалпы өңірде бейбітшіліктің орнауына израильдықтардың қарсы әрекеттерін басатын оң қадам" деп бағалады.
Мысыр басқа елдерді үлгі алуға шақырады
Мысыр да Еуропаның үш елінің Палестинаны мойындау туралы шешімін құптайды.
Елдің Сыртқы істер министрлігі Палестинаның мемлекет ретінде халықаралық қоғамдастықтың басқа мүшелерімен танылуы маңызды екенін атап өтті, себебі мұндай қадам "70 жылдан астам уақыт бойы Израиль оккупациясынан зардап шеккен Палестина халқының әділеттілік құндылықтары мен заңды құқықтарын" қолдау деген сөз.
"Мысыр Араб Республикасы мұндай қадамға әлі бара қоймаған елдерді Палестина мемлекетін мойындауға қарай ілгері жылжуға үндейді", - делінген Араб Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.
Алты мүшеден тұратын Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі де 22 мамырда Еуропа елдерінің бұл қадамын қолдап, үндеу жасады. Оның бас хатшысы Ахмед Абуль Гейт бұл елдерді осынау қақтығыста тарихтың дұрыс жағына қарай қадам жасағаны үшін құттықтап, алғыс айтты.
"Мұндай қадам әлі жасамаған елдерді алғашқы батыл қадамын жасаған үш мемлекеттің жолын ұстануға шақырамын", - деді Араб мемлекеттері лигасының Бас хатшы.
Түркия сөзбен емес, іспен қолдау көрсетуге дайын
Түркия Испания, Ирландия мен Норвегияның шешімін құптап, аталмыш шешім — "палестиналықтардан тапталған құқықтарын" қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам деп атады.
Түркияның Сыртқы істер министрлігі бұл қадам "Палестинаға халықаралық қоғамдастықта лайықты мәртебе алуға" көмектесетінін айтты.
Сонымен қатар Түркия Палестинаны тану үшін көптеген мемлекеттерге қысым жасауды жалғастыратынын айтып, батыл мәлімдеме жасады.
Палестина үкіметі де, ХАМАС-та дән риза
Палестина басшысы Махмуд Аббас кеңсесі жария еткен үш бөлек мәлімдемеде соңғы жылдары үш елдің Палестина халқының құқықтарына көрсеткен қолдауын, сондай-ақ халықаралық форумдарда "палестиндіктердің өз жерінде өзін-өзі анықтауы" пайдасына олардың дауыс берулерін жоғары бағалады.
Аталған елді азат ету ұйымы да Норвегия, Испания және Ирландия шешімін қолдап, мәлімдеме жасады.
"Палестина халқы бастан өткізген ондаған жылдар бойғы палестиндік ұлттық күрестен, азаптан, оккупациядан, нәсілшілдіктен, адам өлтіруден, езгіден, зорлық-зомбылықтан және қиратулардан кейін азат әлем шындық пен әділеттілік жолында жеңіске жеткен тарихи сәтке куә болды. Біз Палестина тәуелсіз мемлекетін мойындаған және мойындайтын әлем елдеріне алғыс айтамыз. Біз бұл аймақтағы тұрақтылыққа, қауіпсіздікке және бейбітшілікке апаратын жол екенін растаймыз", - деп мәлімдеді Палестинаны азат ету ұйымы Атқарушы комитетінің бас хатшысы Хусейн аш-Шейх.
ХАМАС саяси бюросының жоғары лауазымды мүшесі Басем Наим де шетте қалмады, оның айтуынша, үш еуропалық елді аталған елдің мемлекеттігін мойындауға итермелеген жайт — Палестина халқының "батыл қарсылығы".
"Бұл дәйекті мойындаулар Палестина халқының батыл қарсылығы мен аңызға айналған төзімділігінің тікелей нәтижесі саналады… Біз бұл Палестина мәселесі бойынша халықаралық ұстанымның бетбұрысты кезеңі болады деп санаймыз", - деді Наим.