Номиналы 500 және 100 теңгелік "Сүйінші" коллекциялық монеталары айналымға шықты

2188

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 500 және 100 теңгелік "Сүйінші" коллекциялық монеталары айналымға шықты

ҚР Ұлттық банкі 2018 жылғы 12 қыркүйекте "Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары" сериясынан номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған және номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған "Сүйінші" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – "proof", таралымы – 2 мың дана.

Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар еліміздің бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу