Жоба бір жыл бойы жүргізілді және оған Норвегиялық ғылым және технология университеті, Норвегиялық экономика мектебі және BI Norwegian Business School қатысты. "Innovation Norway" мемлекеттік корпорациясы демеу көрсетті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Баяндама үш бөлімнен құралған. Бірінші тарауда елге жалпы шолу және бизнес ахуалға әсер ететін өзекті тақырыптар бойынша сараптама ұсынылған. Онда демография, саяси даму, макроэкономика, білім беру саласы, еңбек нарығы, инфрақұрылым, старт-ап орта жайында айтылған. Жоба авторлары Қазақстанды инвестициялар үшін барынша қолайлы елге айналдыру жолындағы едәуір нәтижелерге қол жеткізілгенің айрықша атап өтуде.
"Қазақстан жаңа Жібек жолы үшін табиғи транзиттік дәліз болып табылады. Болжам бойынша, бұл жоба Қытайдан Орталық Азия мен Кавказ арқылы Еуропаға тауар тасымалын едәуір жеделдетеді әрі арзандатады. Қазақстанның стратегиялық географиялық орналасуы болашақта анағұрлым геоэкономикалық өзгерістер және транспорт саласындағы инновациялардың есесінен тым тиімді болады", – делінген жобада.
Екінші тарау Қазақстан өнеркәсібінің негізгі салалары, олардың инвестиция және кеңею үшін мүмкіндіктері, сондай-ақ мәселелері туралы түсінік береді. Негізгі назар мұнайгаз, тау кең, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері, сондай-ақ "жаңа пайда болған салаларға" ("emerging industries") бөлінді. "Жаңа пайда болған салаларға" авторлар құрылыс, ақпараттық технологиялар және туризмді қосты.
Үшінші тарауда Қазақстанда бизнес жүргізу оңайлығы, сондай-ақ салық салу жүйесі және әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік сияқты мамандандырылған тақырыптар қарастырылған.
Материал көптеген дереккөздердің, сондай-ақ авторлардың Қазақстандағы кездесулері мен сұхбаттардың негізінде әзірленген. Жоба норвег кәсіпкерлерінің өз алдына Қазақстандағы жол нұсқасы болуға арналған.